ҚазҰУ-да қалалық оқырмандар конференциясы өтті

25.02.2014

Көрулер: 1854

ҚазҰУ-дың ғылыми кітапхананың мәжіліс залында «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы университеттің ғылыми кітапханасының көпшілікпен жұмыс жүргізу секторымен бірлесіп ұйымдастырған көрнекті жазушы Т.Әбдіковтің «Парасат майданы» повесі бойынша қалалық оқырмандар конференциясы өтті.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арнап өткізілген конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология және көптілді білім беру институтының 2-3 курс студенттері, ҚазҚызМемПУ студенттері және ҚазҰУ-дың филология, тарих факультеттерінің студенттері қатысты.

«Көкжиек» клубының ғылыми жетекшісі, доцент Л.Мұсалы, ҚазҰПУ-дың доценті Б.Ақанқызы, жас оқытушы Н.Түсіпхан, ғылыми кітапхана қызметкерлері С.Жылқыайдарова, Ш.Мұқашева, Ж.Манапбаевалар оқырмандарға түрлі номинациялар бойынша сертификаттар тапсырды. «Болашақ әдебиеттанушы» Әлимұса Таңшолпан, Бадыр Айгүл, «Болашақ сыншы» Кенжеқожаева Ақбота, Бекжан Мөлдір, «Парасатты оқырман» Қуанышхан Өмірхан, Адият Қамбар, «Ойлы оқырман» Жылқыбай Досхан,Төлебаев Досхан, «Үздік оқырман» Мантай Гүлжайна, Әли Асанға табыс етілді.

Күрделі философиялық ойларға толы бұл шығарманы талдау-талқылау сағаты жастар үшін рухани-танымдық азық болды. «Көкжиек» клубы бұл бағыттағы жұмысын жалғастыра беретін болады.