ҚазҰУ студенттері Сочи олимпиадасына қатысушыларды қолдау мақсатында акция өткізілді

7-ақп-14

Көрулер: 2227

Бүгін төртжылдықтың басты спорттық оқиғаларының бірі – Сочидағы ХХІІ Олимпиадалық қысқы ойын. Аталмыш ірі спорттық оқиғаның ашылу сәтінде саясаттану кафедрасының Студенттік дискуссиялық «Политолог» клубы Қазақстанның Олимпиадалық құрамасын қолдау мақсатында акция өткізді.

Қатысушылар Қазақстанның Ақ олимпиадада алғаш рет жеке команда болып 1994 жылы Норвегиялық Лиллехаммерде өнер көрсеткендігін еске түсірді. Сочиде Қазақстанның намысын 10 спорт түрінен 52 спортшылар қорғайды, сонымен қатар, көпшілігінің жеңіске деген мүмкіндігі жоғары.

Олимпиадалық гимнің үнімен Қазақстан картасында клуб мүшелері құрама қатысушылары мен олардың жетістіктерімен таныстырды. Барлық акцияға қатысушылар «Қазақстан-алға!» деп қолдау білдіре отырып, тек жеңіс тіледі.

Философия және саясаттану факультеті