Студенттер оқушылармен кездесті

28.02.2014

Көрулер: 2607

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттерімен бірге кәсіптік бағдарлама іс-шарасы аясында Алматы қаласындағы №1 қалалық көпсалалы колледжінің бітіруші сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Оқытушылар колледж оқушыларына университеттің тарихы туралы, ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойын атап өту жоспары туралы әңгімелеп берді.


Әсіресе заң факультетіне ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар алдында з.ғ.к., профессор Усеинова Г.Р., з.ғ.к., доцент Оспанова Д.А., з.ғ.к., доцент Усеинова Г.Р., з.ғ.к., Кусаинов Д.О. сөз сөйледі.

Заң факультетінің студенттері ҚазҰУ-дағы оқу барысы туралы және факультеттің ғылыми және мәдени өмірі туралы үлкен екпінділікпен әңгімелеп берді. Колледждің болашақ бітірушілерін өз оқуын университет қабырғасында жалғастыруға шақырды.

Кездесуге қатысқан колледж оқушыларына ҚазҰУ-мен танысуға әрқашан есік ашық екені айтылды.