Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың техпаркінде «UniverPro» атты start-up компаниясы өз жұмысын бастады

06.02.2014

Көрулер: 3562

«UniverPro» start-up компаниясының мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың имидждік тауарларын шығару болып табылады.

«UniverPro» компаниясы сувенирлер, акссесуарлар және киімдерді (жылы киімдер, колледж-курткалар, жеңіл жейде, кепкалар және кружкалар) өндіреді. «UniverPro» ҚазҰУ студенттері мен профессорлық оқытушылар құрамына арналған жоғары сапалы тауарларды өндіру үшін барлық керекті өндіріс ресурстарымен қамтамасыз етілген.

Әрбір тұтынушы дүкенде өзіне керекті тауарды немесе қалаған дизайнымен тапсырысқа берілген тауарды бір сағат аралығында алуға мүмкіндігі болады.

Байланыс телефоны: +7701600 54 73 - Әйгерім

Әл-Фараби 71, Технопарк ғимараты, 210 кеңсе