№18 жатақханада көктемнің алғашқы бәйшешек гүлі қауыз жарды

24.02.2014

Көрулер: 2430

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі №18 жатақханада көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек (наурызгүл) гүлі қауыз жарды. Бәйшешек- құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр түйнектіөсімдіктер. Еуразияда, Жерорта теңізінің жағалауларында өсетін 80-ге жуық түрі белгілі.


Гүл тұқымын жатақхана меңгерушісі М.Ниетбаева және жатақхана қызметкерлері студенттермен бірге қыркүйек айында бөлмеге отырғызған екен. Күні кеше ғана, көктемнің жаршысы саналатын бәйшешек (наурызгүл) гүлі ақпанның соңғы аптасында қауызын жарып, әдемі гүлдерімен таң қалдырды. Шоқталып, айналасына шуақ шашып жайнап өскен, әсем гүлдің әдемлігінде сөз жоқ. Таңданып,тамсанып жатқандар оны ҚазҰУ-дың 80 жылдығына қалашықта алғаш гүл ашқан табиғаттың таңғажайып тартуы деп баға берді.

Жақсылыққа балап жатқан жандардың бірі, жатақхана қызметкері К. Қасымбекованың айтуынша: «Гүл-өсіру адамға әдемі әсер сыйлайды. Жабыққан, көңілін құлазыған шақтың өзінде бөлменде гүлін болса, сенің бойындағы бар нашар энергияңды өзіне жұтып алады. Бәйшешектің гүлдегеніне бір-екі күн болды. Жоспарлаған уақытымыздан ерте гүлдеді. Жатақхана меңгеруішісінен бастап, студенттерімізге дейін ерекше қуанышта», - деп өз әсерімен бөлісті.

«Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында игі шаралар жасап жатқан студенттер үйінің басшылығы мен қызметкерлеріне игі шараларыңыз жалғасын тауып, жақсы жұмыстар нәтижесін бергей деп ақ ниетімізді жеткіздік.