ҚазҰУ-да «Үздік лингвист – 2014» байқауы өтеді

27.02.2014

Көрулер: 2578

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы «Жас лингвистер» клубы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай дәстүрлі «Үздік лингвист – 2014» байқауының І Университетаралық деңгейдегі студенттер зияткерлік сайысын ұйымдастыратындығы жайында хабарлайды.

Байқауға қатысушылар: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.

«Үздік лингвист – 2014» байқауы 2014 жылдың 3 сәуір күні филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде өтеді.

Байланыс телефондары: Тел: 8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-29), 8-778-422-45-65 Бөрібаева Гүлнар Әбдіқасымқызы.