Заң факультетінің студенттері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

14.02.2014

Көрулер: 2296

Қ.Р. Усеинованың және Ж.А.Оспанованың жетекшілігімен «Союз Ради Прогресса» студенттік клубы С.А.Сартаев жетекшілік ететін «Бастау» клубымен бірлесіп және студенттер, эдвайзерлер М.Е Сагинаевпен, Г.Р Усеиновамен және оқытушы А.Ж. Жарболовамен бірге Бостандық ауданының аяқ-қолы кемтар балаларға арналған № 2 арнаулы мектеп –интернатына барды.


Тиісті шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсету. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасынан «Союз Ради Прогресса» және «Бастау» студенттік клубтарымен бірлесіп тиісті мекеменің тәрбиеленушілеріне қол өнерлерін жетілдіру, дамыту үшін қаржы бөлінді.

Студенттер мамандандырылған мекемемен, жоғары білікті мамандармен танысып, ондағы тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттіктерін көріп қайтты.