Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Вакаяма Университеті (Жапония) UNIFORM бағдарламасы аясында келісімге қол қойды

28.02.2014

Көрулер: 2622

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Вакаяма Университетінің профессоры, University International Formation Mission (UNIFORM) Халықаралық консорциумы жобасының жетекшісі Хироаки Акияма және Болашақтың ғарыштық жүйелер технологиясын зерттеу қауымдастығының бизнес жоспарлау департаментінің кеңесшісі Эрико Ямамотомен кездесті.

Айта кетерлік жайт, бұл Вакаяма университеті өкілдерінің ҚазҰУ-ға алғашқы сапары емес. Жапондық әріптестер ғылым және білім саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін және ҚазҰУ-дың NESTRA космостық жүйелері Ассоциациясымен өзара ықпалдасу және UNIFORM жобаларына қатысу мүмкіндіктерін талқылау мақсатында 2012 жылдың қараша айында қазақстандық университетте болып қайтқан.

Қазіргі кездесудің нәтижесі UNIFORM бағдарламасы аясында қызметкерлермен алмасу туралы келісімге қол қою болып табылды. UNIFORM жобалары нано-серіктік технологиялардың көмегімен Жер ғаламшарын жоғары жиілікті бақылау жұмыстарына қажетті ғылыми зерттеулерді жүргізу мен іргелі технологияларды жетілдіру мәселелеріне, сонымен қатар шет елдерімен ғарыштық технологияларды зерттеу мен осы салада жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

Бүгінгі таңда ҚазҰУ-дың механика-математикалық және физика-техникалық факультеттерінің бес магистранты Токио университетінің (Жапония) білім алуда және алғашқы қазақстандық наноспутникті құру бағытында жұмыс атқаруда.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап олар жапон үкіметімен қаржыландырылатын UNIFORM халықаралық бағдарламасы аясында Вакаяма университетінде тәжірибеден өтеді.

Бұл ерекше жобаның қорытынды нәтижесі студенттердің алғашқы қазақстандық наноспутнигін жасап шығару және ұшыру болмақ. Жоба аясындағы жұмыс нәтижелері Астана қаласында EXPO 2017-де таныстырылады деп жоспарлануда.

ХЫД