«Алтын сапа» пікірсайыс клубының ішкі турнирі өтті

28.02.2014

Көрулер: 2318

«Алтын Сапа» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Алтын сапа» пікірсайыс клубының ішкі турнир сәтті аяқталды. Жаңа ғасырдың жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, білімді жастарының өзекті тақырыптар аясындағы пікірлері тыңдалып, интеллектуалды доданың нәтижесі белгілі болды.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей болып анықталды. 1-орын Алмен Ербол, Өмірзақ Нұртуған. 2-орын Алдоңғаров Құралбек, Сағитов Жәнібек. 3-орын Тлеуова Сымбат, Қалмұрат Аян. Үздік спикер-Алдоңғаров Құралбек.