Назар аударыңыз! ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған журналистер арасында байқау

07.02.2014

Көрулер: 2235

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистер Одағының және Қазақстан журналистика Академиясының қолдауымен университеттің 80-жылдығына арналған жоғары оқу орнының қызметін жариялауда журналистер және отандық әрі шетелдік БАҚ ұжымдары арасында ең үздік материалға байқау жариялайды.


Іс-шара БАҚ назарын қазақстандық білім беру және ғылым мәселелеріне көңіл аударуға, оқу-ағарту, ғылыми және инновациялық тұрғыдан еліміздің жетекші оқу орны қызметін насихаттауда журналистерді қолдау болып табылады.

Байқауға қатысуға университеттің тарихи және мәдени мұрасы, дәстүрі мен жетістіктері, жоғары оқу орнының заманауи қызметі, оның даму келешегі туралы мерзімді, он-лайн басылымдарда немесе теле-радиоэфирде материал шығарған шетелдік, республикалық, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары және журналистер шақырылады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанаты мамыр айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80-жылдық мерейтойын тойлау барысында өтеді.

Байқауға осы жылдың 10 ақпан мен 20 мамыр аралығында жарияланған, эфирге шыққан материалдар қабылданады. Жұмыстарды келесі мекен-жайға жіберу керек: 050040 Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, ректорат, «БАҚ байқауы» деген белгімен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі, каб. №1104, e-mail: Akmaral.Kuanysheva @kaznu.kz. Байланыс тел.: 8 (727) 377-31-48.


әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі