Жаңалықтар

«Тәуелсіздік тұғырым»

18-жел-20

«Тәуелсіздік тұғырым» атты тәрбие сағаты 2-топ (АИР) тыңдаушыларының қатысуымен зум платформасында 18.12.2020 жылы сағат 9.30-да өтті.

Тәрбие сағатында көтерілген мәселелер:

1.Тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік.

2.Қыршың кеткен боздақтардың ерлігі.

3.Тәуелсіздік таңы.

Ары қарай оқу >>

"Медеу" мұз айдыны

28-қар-20

Дені сау ұрпақ тәрбиелеу- бүгінгі маңызды міндеттердің бірі. Таза әрі саф ауа мен көрікті табиғат аясына жиі саяхат жасау көтеріңкі көңіл күймен денсаулыққа пайдасы зор. Соның бір көрінісі 2020 жылдың 28 қараша күні Медеу мұз айдынына саяхат жасап қайттық.

"Медеу" спорттық кешенінде 2 топ тыңдаушылары конькимен мұз үстінде сырғанап, 800 сатылы баспалдақты бағындырып, Медеудің төбеден көрінген керемет көркем табиғатын тамашалап көңілді демалып қайтты.

Мақсат тыңдаушыларға Медеу әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар, көптеген Отандық кинолардың тарихында қалған, "Азия дауысы" халықаралық ән байқауы жайында талай тарихы іс-шараларға мұрындық болғаны Медеу тарихымен таныстыру, тыңдаушыларды спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстану.

Ары қарай оқу >>

«Президент Күні»

28-қар-20

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары "Президент Күнін"мерекелеуге арналған халықаралық студенттік онлайн конференция өткізді!

Ары қарай оқу >>

Мәдениет ошағы

27-қар-20

Мәдениет ошағы, өнердің қайнар бұлағы - театр десек, театрға барып қойылым тамашалау адам жанын рахатқа бөлері сөзсіз. Осындай мақсатта топ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының 2 топ тыңдаушыларымен 2020 жылдың қарашаның 27 жұлдызында "Бес бойдаққа бір той" атты қойылымын тамашалап ерекше әсерге бөленіп, рухани демалып қайттық.

Ары қарай оқу >>

«Алматы әсем қала»

27-қар-20

2020 жылдың 27қараша күні сағат 09:30-да «Алматы әсем қала» атты онлайн зум платформасында АИР таңдаушыларының қатысуымен конференция өтті.

Мақсаты: Шетелдік азаматтарды Алматы қаласының тарихымен, Алматы қаласының көрікті жерлерімен таныстыру.

Жауаптылар: ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары: Ж.Б.Саткенова, Г.А.Тастемирова, Г.Т.Тилеужанова, Г.Е.Сапаева

Ары қарай оқу >>

«Коронавирустан сақтанайық»

27-қар-20

2020 жылдың 27қараша күні сағат 08:30-да «Коронавирустан сақтанайық» атты онлайн зум платформасында АИР таңдаушыларының қатысуымен конференция өтті.

Конференцияда қаралған мәселелер:

1.Коронавирус қалай тарайды.

2.Коронавирустың симптомдары.

3. КВИ қорғанудың негізгі ережелері.

Мақсаты: Сақ жүрсең, сау жүресің – демекші әлемге етегін кең жайған КВИ қалай сақтануға болады, КВИ кезінде не істеу керек. Осы төңірегінде АИР тыңдаушыларын КВИ кезінде сақтық шараларын есте сақтауға шақыру.

Ары қарай оқу >>

Елбасының парасатты шешімі

20-қар-20

ҚазҰУ, Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Тарих және шетел тілдері институты, Тарих кафедрасының оқытушылары 2020 жылдың 20 – қарашасында сағат 11.00 – де «Президент күнін» мерекелеуге арналған «Елбасының парасатты шешімі» атты халықаралық студенттік онлайн дөңгелек үстел өткізді.

Ары қарай оқу >>

Білім берудің сандық құралы

18-қар-20

ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінде сапалы білім беру алдыңғы қатарда тұрған міндеттердің бірі. Қазаргі таңда, заманауи технологияларды пайдалана отырып, тыңдаушылардың қабілетіне байланысты жан-жақты білім беруге мүмкіншілік көп. Сандық білім беру құралдарды пайдалану нәтижесінде тыңдаушылардың оқуға деген ынтасы артып, кұрделі материалдар мен формулаларды есте сақтау дағдысы қалыптасады. Бұл сандық құралдарға Padlet, Mentimeter, Kahoot, Quizizz, Quizlet, Miro, Trello деген сияқты көптеген бағдарламалар жатады.

Ары қарай оқу >>

Алғашқы саяхат

4-қар-20

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында оқу мен тәрбие ісі қатар жүреді. Себебі тыңдаушылар шетелден келген. Сондықтанда көрікті әрі әсем қала Алматы қаласының көрікті жерлерін аралап, саяхат жасап қаланың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық. Соның бір көрініс 2020 жылдың 4 қараша күні Алматы әсем қаламызға саяхат жасап қайтты. Одан әрі "Қиял әлем" саябағына барып көңілді күн жалғасын тапты. "Қиял әлемі" саябағында бал балалық шағымызды еске түсіріп, рахат сезімге бөлеген тыңдаушыларға бүгінгі таныстығымыз қатты ұнады. Саяхаттың мақсатты тыңдаушылардың бір бірімен етене танысып, жаңа ортаға бейімдеу, Алматы қаласының көрікті жерлері, мәдени ошақтарын, Алматының тыныс-тіршілігімен, мәдени қоғамдық ортамен танысу.

Ары қарай оқу >>

Поэтикалық кешi

4-қар-20

Поэзиялық кешті Огайо штатының Цинциннати қаласы, Union Institute & University (UI&U) белгілі профессор Тичаут Вуден ұйымдастырды. Цинциннати университеті (UI&U) — АҚШ-тың Огайо штатындағы Цинциннати қаласында орналасқан жеке ғылыми-зерттеу университеті. Огайо штатының университет жүйесінің бөлігі және Цинциннати қаласындағы ең көне жоғары оқу орны.

 

Ары қарай оқу >>