ТДМ 4. Сапалы білім беру

Меморандум шеңберінде 30 үміткер тілдік дайындыққа қабылданды

02.05.2023

Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу     

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Жоғары білім министрлігі арасындағы Жоғары білім мен ғылым саласындағы өзара түсіністік туралы 2017 жылғы 17 тамыздағы  Меморандум шеңберінде тиімді оқу нәтижелеріне жетуге мүмкіндік беретін ақысыз, сапалы және тең құқылы жоғары білімге ие болуына мүмкіндік ашылған. Меморандум шеңберінде жылда 30 үміткер тілдік дайындыққа қабылданып, ары қарай өздері таңдаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына жолданып отырады.

Ары қарай оқу >>

"Қазақ хандығына саяхат" атты интелектуалды-танымдық сайыс

28.04.2023

Тұрақты даму - сапалы білім беру мақсатында «Қазақ хандығына саяхат» атты интелектуалды-танымдық сайыс өтті. Сайысқа 6, 7 топ тыңдаушылары қатысып бақ сынады. Тыңдаушылар осымен «Қазақ хандығы» кезеңін қорытындылап, өздеріне қажетті көп мәліметтермен таныс болды.

Өткен орны: Шығыстану факультеті, 318 ауд.

Уақыты: 28.04.2023 ж. сағ.20.00

Ары қарай оқу >>

Бақылау сынақ тесті

28.04.2023

Тұрақты даму – сапалы білім беру мақсатында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасы алғашқы бақылау тестін ұйымдастырды. Бұл байқау тестінің шетелдік тыңдаушылар үшін маңызы өте зор. Байқау тесті 3 міндетті пәнді және 2 профильді пәнді қамтыды. Тест нәтижесі тыңдаушылар үшін әрі қарай сапалы білім алуға талпынуға септігін тигізгені сөзсіз.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық "әл-Фараби-2023" олимпиадасы

27.03.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған Халықаралық "Әл-Фараби-2023" олимпиадасы өтті. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. Қазақстанның барлық қалаларынан жиналған оқушылар барлық пән бойынша жарысқа түсті.

Ары қарай оқу >>