ТДМ 9. Өнеркәсіп, инновациялар, инфрақұрылым

Тыңдаушылар тың жоба ұсынды

06.04.2023

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың ҚазҰУ-да өткен «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция барысында «Жаратылыстану секциясы – қоғамдық ғылымның әлеуметтік прогресті дамытудағы рөлі» деген тақырыпта дайындаған жұмыстары тыңдалды. Конференцияға шетелдік тыңдаушылардан бөлек, еліміздің басқа университеттерінің студенттері де өз жұмысын ұсынды.

Жыл сайын өтетін халықаралық конференцияға қатысушылар өз баяндамаларын иллюстрация мен зерттеу нәтижелерін көрсететін көрнекі презентацияға негіздеп дайындады. Тыңдаушылар түрлі тақырыптық секция бойынша бөлініп, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді қызу талқылады. Зерттеу жұмыстары жаратылыстану бағытындағы физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша қазақ, орыс, сондай-ақ ағылшын тілдерінде қорғалды. Тыңдаушылар өзекті тақырыптар негізінде стартап жобасына бірнеше тың идея ұсынды. Мысалы, Алматы қаласының экологиялық ластану жағдайына байланысты өндіріс орындарына биосүзгі орнату туралы ұсыныс айтылды. Сонымен қатар қоршаған орта мен табиғатты қорғау мақсатында студенттер жатақханасы маңында үш түрлі қоқыс жәшігін орнату жобасы ұсынылды. Жаһандық жылыну түйткіліне қатысты түрлі ұсыныстар ортаға салынды. Оған қоса, болашақ IT маманы, Ираннан келген тыңдаушымыз Чамани Микаел өзіміздің отандық өнім ретінде LTO_browser қосымшасын жасап көрсетті. Жас ғалымдар зерттеу институтында жұмыс істеп, әлеуметтік сауалнама жүргізді. Бұған қоса, статистикалық көрсеткіштерді ұсынды.

Ары қарай оқу >>

Samsung Innovation Campus

20.12.2022

Тұрақты даму мақсаттарының бірі – еліміздегі өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылымды дамыту мақсатында, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының «Эврика» үйірмесі мүшелері Samsung Innovation Campus-қа барып қайтты.

Samsung Innovation Campus - бұл проблемаларды шешу дағдысын қалыптастыруға және болашақта өркендеу үшін дағдыларды нығайтуға ұмтылатын жастарға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) бойынша жаһандық білім беру бағдарламасы.

Бұл шараның басты мақсаты жастарды өз-өзін дамыту үшін осындай пайдалы курстардан өтуге, еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз ете алатындай, бәсекеге қабілетті талантты маман болуға шақыру.

Ары қарай оқу >>