ТДМ 11. Тұрақты қалалар және қауымдастық

Наурыздағы Отырар кереметі

23.03.2023

Тұрақты қалалар және қауымдастық – еліміздің тұрақты даму мақсатында Түркістан облысы Отырар ауданында 21-23 наурыз күндері "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті мен"National Geographic-Kazakhstan” журналының қолдауымен республикалық фотобайқау өтті. Байқауға Астана, Алматы, Өскемен, Тараз және Түркістан қалаларынан әртүрлі жастағы 10 фотосуретші қатысты. Фотографтар Наурыз мерекесінен бөлек, Отырар қалашығында, Арыстан баб кесенесінде, Арыс жағалауында болып әртүрлі ракурстан фото түсіріп, қазылар алқасына 30 жұмыс ұсынды. Фотобайқау сайысында Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Аманкел Ерханат 3-ші жүлделі орын иеленді.

Ары қарай оқу >>