"Жас шебер" мәдени-шығармашылық қолөнер үйірмесі

Құрылған мерзімі: қаңтар 2014 жыл

Үйірме туралы қысқаша мәлімет: «Жас шебер» қолөнер үйірмесі 2014 жылы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында «Жас талант» атты студенттік бизнес жобасының аясында студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, теориялық және практикада алған білімдерін тұрмыста пайдалануға бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру; қолөнерді жетілдіру, дамыту, сақтау, іске асыру; адамдардың тұрмыстық сұранысын қамтамасыз ететін қолөнер бұйымдарын даярлаудың ең тиімді әдістерін меңгеру; әдемі, көзтартарлық бұйымдар жасау арқылы қол икемділігін дамытып, кәсіпкерлік бейімділігін қалыптастыру; іскерлік өнерге баулу; бос уақытын үнемді пайдалануға бағыттау; жан-жақты белсенділіктерін арттыру; табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында құрылды. Үйірменің жұмыс істеу бағыты бойынша оқу жылының ағымында студенттердің қолдан жасаған бұйымдарын көрмелерге қойып, жәрмеңкелер ұйымдастырылады. «Жас шебер» қолөнер үйірмесі (бұдан әрі қарай «үйірме») – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының жанында ерікті негізде құрылған.

  • ·         Үйірме өзге үйірме-клубтармен өзара тиімді мәдени және іскери қарым-қатынас аясында байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істей алады.
  • ·         Үйірме жұмысы мүшелердің еріктілігі мен тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық пен жариялылық негізінде жүргізіледі.
  • ·         Үйірме алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асыру жолдарын өзі межелейді.

Үйірме мүшелері: қолынан іс келетін, қызығушылығы жоғары, талантты, ізденімпаз факультет студенттері.

 

Үйірменің мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, теориялық және практикада алған білімдерін тұрмыста пайдалануға бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру; қолөнерді жетілдіру, дамыту, сақтау, іске асыру; адамдардың тұрмыстық сұранысын қамтамасыз ететін қолөнер бұйымдарын даярлаудың ең тиімді әдістерін меңгеру; әдемі, көзтартарлық бұйымдар жасау арқылы қол икемділігін дамытып, кәсіпкерлік бейімділігін қалыптастыру; іскерлік өнерге баулу; бос уақытын үнемді пайдалануға бағыттау; жан-жақты белсенділіктерін арттыру; табиғатты аялауға тәрбиелеу; олардың өз қолдарымен еңбектеніп жасаған бұйымдарын ҚазҰУ-дың мұражайларына қою.

Үйірменің міндеттері:

-         ұлттық өнерді насихаттау;

-         студенттерді сәндік-қолданбалы шығармашылықтың алуан түрлерімен, қолөнердің түрлі салаларымен таныстыру;

-         студенттерді әр-түрлі құрал-жабдықтармен жұмыс жасауға үйрету және материалдарды қолмен өңдеу технологияларын жетілдіру;

-         түрлі кеңестер бере отырып жас таланттардың тапқырлығын қалыптастырып, оларды бұйымдар жасауда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету;

-         жас таланттардың жасаған бұйымдарын дұрыс саудалауға бағыттау;

-         түрлі көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырып, жас таланттардың қолөнерін насихаттау.

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

1.2.Үйірме – бірге жұмыс жасауға, бірге үйренуге жиналатын, бірдей қызығушылықтары бар тұлғалардан тұратын топ.

1.3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үйірмелері – бұл студенттердің қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, тілдік, спорт және ғылыми-кәсіби қызығушылықтарын арттыруға бағытталған ерікті қоғамдық ұйым.

1.4. «Жас шебер» қолөнер үйірмесі осы Ережені басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.

1.5. «Жас шебер» қолөнер үйірмесі кафедра деңгейінде ұйымдастырылды.

   ІІ. Мақсаттары мен міндеттері

2.1 Үйірменің негізгі мақсаттары:

- жеке тұлғаның гармониялық қалыптасуына әсер ету;

- студенттердің бос уақытын тиімді өткізу;

-факультет студенттерінің шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасау және жүзеге асыру болып табылады.

2.2. Үйірменің міндеттері:

- үйірменің факультет деканымен бекітілген ережесі болуы;

- үйірменің кафедра меңгерушісімен бекітілген жоспар жасалуы;

- үйірме жетекшісі кафедрада жұмыс істейтін оқытушы болуы;

- үйірме жетекшілері үйірме мүшелері – студенттермен - тығыз байланыста жұмыс жасап, іс-шаралар ұйымдастыруы міндетті.

 

ІІІ. Құқықтары

Қатысушылар:

-         үйірмеге факультеттің кез келген студенті қатысуға;

-         университеттің, факультеттің, кафедраның ұйымдастыру жұмыстарының жақсаруына бағытталған ұсыныстар жасауға.