"Жас ғалым" зерттеу клубы

Құрылған мерзімі: қазан 2022 жыл

 

Үйірме туралы қысқаша мәлімет: «Жас ғалым» зертеу үйірмесі 2022 жылы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушылардың ғылыми қоғамы – ғылымның, техниканың, мәдениеттің түрлі саласындағы жетістікті аса терең білуге, шығармашылық тұрғыдан ойлауды, зияткерлік бастамасын, өз алдына болуды, өз іс-әрекетіне аналитикалық көзқарасты болуды дамыту, зерттеу жұмысын пайдалану мен қолдануға, шығармашылық қабілеттерін арттыру, теориялық және практикада алған білімдерін тұрмыста пайдалануға бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру, жан-жақты белсенділіктерін арттыру мақсатында құрылды.

  • Үйірме өзге үйірме-клубтармен өзара тиімді мәдени және іскери қарым-қатынас аясында байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істей алады.
  • Үйірме жұмысы мүшелердің еріктілігі мен тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық пен жариялылық негізінде жүргізіледі.
  • Үйірме алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асыру жолдарын өзі межелейді.

Үйірме мүшелері: қолынан іс келетін, қызығушылығы жоғары, талантты, ізденімпаз факультет тыңдаушылары.

 

Үйірменің мақсаты: тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, теориялық және практикада алған білімдерін тұрмыста пайдалануға бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге машықтандыру; бос уақытын үнемді пайдалануға бағыттау; жан-жақты белсенділіктерін арттыру; зерттеушілік қабілеттерін арттыру.

 

Үйірменің міндеттері:

- ғылыми білімнің кеңінен танылуына көмектесу;

- тыңдаушылардың шығармашылық қабілеті мен таным белсенділігін дамыту;

- тыңдаушыларды ғылыми ізденістегі әдіспен және амалмен таныстыру;

- ғылыми әдебиетпен жұмыс жасауды, іріктеуді, сараптауды, ақпаратты жүйелеуді үйрету; зерттеу барысындағы мәселелерді анықтап және тұжырымдау; ғылыми жұмысты сауатты ресімдеу;

- тыңдаушылардың кәсіби тұрғыдан өздігінен таңдау жасауға жәрдемдесу.

 

ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

1.2.Үйірме – бірге жұмыс жасауға, бірге үйренуге жиналатын, бірдей қызығушылықтары бар тұлғалардан тұратын топ.

1.3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үйірмелері – бұл студенттердің қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, тілдік, спорт және ғылыми-кәсіби қызығушылықтарын арттыруға бағытталған ерікті қоғамдық ұйым.

1.4. «Жас ғалым» зерттеу үйірмесі осы Ережені басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.

1.5. «Жас ғалым» зерттеу үйірмесі кафедра деңгейінде ұйымдастырылды.

   ІІ. Мақсаттары мен міндеттері

2.1 Үйірменің негізгі мақсаттары:

- жеке тұлғаның гармониялық қалыптасуына әсер ету;

- студенттердің бос уақытын тиімді өткізу;

-факультет студенттерінің шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасау және жүзеге асыру болып табылады.

2.2. Үйірменің міндеттері:

- үйірменің факультет деканымен бекітілген ережесі болуы;

- үйірменің кафедра меңгерушісімен бекітілген жоспар жасалуы;

- үйірме жетекшісі кафедрада жұмыс істейтін оқытушы болуы;

- үйірме жетекшілері үйірме мүшелері – студенттермен - тығыз байланыста жұмыс жасап, іс-шаралар ұйымдастыруы міндетті.

 

ІІІ. Құқықтары

Қатысушылар:

-         үйірмеге факультеттің кез келген студенті қатысуға;

-         университеттің, факультеттің, кафедраның ұйымдастыру жұмыстарының жақсаруына бағытталған ұсыныстар жасауға.