ТДМ 5. Гендерлік теңдік

"Қылықты қыз" номинациясының иегері

28.04.2023

Гендерлік теңдік адамның негізгі құқықтарының бірі ғана емес, сонымен бірге бейбітшілікке, өркендеуге және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қажетті негіз болып табылады.

28.04.2023 күні А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Farabi arui» атты байқау өтті. Байқауда университетіміздің ең көрікті, ең талантты және өнерлі қыздар бақ сынады. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Салтанат Зілиқа «Қылықты қыз» номинациясына ие болып, «Мулан» модельдік агенттігімен 2 жылға келісімшарт сертификатын ұтып алды.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық әйелдер күні

06.03.2023

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы филол.ғ.к., қауымдастырылған профессор Суатай Сәбит Құрманжанұлы факультетіміздің нәзік жанды ханымдары мен аяулы аруларын мерекелерімен құттықтап, жас мамандар даярлау ісінде тынымсыз еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады.

Ары қарай оқу >>