"Парасат" Әдеби-танымдық клубы

С.ӘШІМБАЕВ атындағы «ПАРАСАТ»КЛУБЫ

Біздің клубымыздың басты ұстанымы – қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларымен жас әдебиетшілерді таныстыру. Өз мамандығымызды меңгере отырып жәнетөл әдебиетімізді оқуға, тарихымызды тануға, дәстүрімізді меңгеруге ұмтылып, қоғамға етене қызмет етеміз.Сондай-ақ танымдық ой-санамызды арттырамыз.

Ұлттық болмыстың темірқазығы–тарихи даму шегінде ғасырлар қойнауынан жеткен мәдени мұрасы: тіл, тарих, дәстүр.Мұндай өміршең құндылықтар жүйесі халықтың сарқылмас қазынасы екені анық.Ал қазақ халқының төл қазынасы қашанда жастарды сусындатудан сарқылмаған.

Жастар ой өрісі кең, тәрбиелі, білімді болып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өссе, онда болашаққа деген қадамымыз нық болмақ.

Практика – сөз бен істің бірлігі.Бүгінгі біздің қоғамға көп жағдайда осы сөз бен істің бірлігі қажет.Әрқайсысымыз өзімізге жауап беріп, басқалардан да соны талап етсек, қоғамның алға басуына қосқан үлесіміз аз болмас еді.

Бағдарламасы

I. Жалпы ережелер

  • «Парасат»клубы (бұдан әрі «клуб») –Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан ерікті негізде құрылған.
  • Клуб басқа клубтарменуниверситет әкімшілігіне ескерте отырып, өзара тиімді ғылыми және іскери қарым-қатынас жағдайында тығыз байланыста бола алады.
  • Клубтың жұмысы мүшелердің еріктілігі мен тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық пен жариялылық негізінде жүргізіледі.
  • Клуб алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру жолдарын өзі межелейді.
  • Клуб қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде эмблема, танымбелгі иелене алады.

II. Клубтың мақсаты мен міндеттері:

«Парасат»клубы ұлттық құндылықтарды, жоғары кәсібилікке ұмтылушы студентердің бастамаларын қолдауды және осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді клубтың мақсаты етіп қояды.

Клубтың басты міндеттері:

  • студенттердің өз мамандығын жетік игеріп, кәсіби шеберлігін қалыптастыру және арттыру;
  • жастарға отансүйгіштік тәрбие беру мақсатында ғылыми конференциялар, танымдық кештер ұйымдастыру;
  • танымдық, тәрбиелік мәні бар қоғамдық жобалар жасау;
  • студенттер арасында сауалнамалар жүргізу;
  • халыққа танымал тұлғалармен кездесулер өткізу;
  • студенттердің ғылыми бастамаларына қолдау көрсету;
  • елімізді бейбітшілік пен ұлтаралық келісім аймағына айналдыруға атсалысу;
  • клуб қызметіне қажетті ақпараттар жинау және клуб қызметі туралы ақпараттар тарату;
  • қайырымдылық шараларды іске асыру;
  • жиналыстар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, интеллектуалдық ойындар және басқада көптеген шараларды өткізу;
  • студенттерді жат қылықтардан (маскүнемдік, нашақорлық, бұзақылық т.б) сақтандыру;
  • Республикамыздағыынталы шығармашыл жастармен байланыс орнату.