"Өлкетану" мәдени-танымдық клубы

Біздің үйірмеміздің негізгі ұстанымы —«Қазақстанның тарихи және мәдени орындарымен терең таныстыру және толық мағлұмат беру». «Өлкетану» үйірмесі 2011 жылы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында   шетелден келген оралман және ауған студенттеріне Қазақстан мемлекеті туралы тарихи және мәдени орындарға, қала сыртындағы  табиғаты көркем жерлерге алып бара отырып, оларды тек көрсетіп қоймай, терең тарихына үңілдіріп, жан – жақты мағлұмат беріп, Қазақ елін шетелдіктерге дәріптеу мақсатында құрылды. Үйірменің жұмыс істеу бағыты бойынша оқу жылының ағымында әртүрлі мәдени танымдық шараларды, мемлекеттік тілді, ел тарихымен терең таныстыру сабақтары, кездесулер, мәдени-танымдық саяхат сабақтар, тренингттер өткізіледі.

 

Бағдарламасы

I. Жалпы ережелер

  • «Өлкетану» клубы (Бұдан әрі «Клуб») –Әл–Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан ерікті негізде құрылған.
  • Клуб басқа клубтармен университет әкімшілігіне ескерте отырып, өзара тиімді ғылыми және іскери қарым-қатынас жағдайында тығыз байланыста бола алады.
  • Клубтың жұмысы мүшелердің еріктілігі мен тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық пен жариялылық негізінде жүргізіледі.
  • Клуб алдына қойған міндеттерін жүзеге асыру жолдарын өзі межелейді.
  • Клуб қазақ, орыс, ағылшын тілерінде эмблема, вымпел иелене алады.

II. Клубтың мақсаты мен міндеттері:

  

       «Өлкетану» клубы ұлттық құндылықтарды, жоғары кәсібилікке ұмтылушы студентердің бастамаларын қолдауды және осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді клубтың мақсаты етіп қояды.

   Клубтың басты міндеттері:

  • Қазақстан Республикасын шетелдік тыңдаушыларға жан – жақты таныстыру;
  • жастарға отансүйгіштік тәрбие беру мақсатында, танымдық кештер ұйымдастыру;
    • танымдық, тәрбиелік мәні бар қоғамдық жобалар жасау;
    • студенттер арасында сауалнамалар жүргізу;
    • елімізді бейбітшілік пен ұлтаралық келісім аймағына айналдыруға ат салысу;
    • клуб қызметіне қажетті ақпараттар жинау және клуб қызметі туралы ақпараттар тарату;
    •  қайырымдылық шараларды іске асыру;
    •  жиналыстар, лекциялар, дөңгелек үстелдер, интеллектуалдық ойындар және басқада көптеген шараларды өткізу;
    • студенттерді жат қылықтардан (маскүнемдік, нашақорлық, бұзақылық т.б) сақтандыру;
    •  Республикамыздағы ынталы шығармашыл жастармен байланыс орнату;

ІІІ. Клубтың құқықтары мен міндеттері

 

4.1. Клубтың мүшесі болып, оның Жарғысы мен талаптарын мойындайтын Қазақстан Республикасының кез-келген жоғарғы оқу орындарының студенттері бола алады.

  • мүшелікке қабылдау студенттің жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады;
  • клубтан шығу үшін төраға атына жазбаша өтініш беріледі.
  •  клубтан шығу туралы жазбаша өтініш берген клуб мүшесі оның құрамынан шығарылады.

4.2. Клуб мүшесінің мындай құқықтары бар:

  • басқару органдарына сайлануға және сайлауға;
  • отырыста клуб қызметі туралы ұсыныстар айтуға;
  • талқылаулар бойынша пікір білдіруге;
  • клуб қызметі мен мүшелеріне дәйекті сын айтуға;
  • барлық шараларға қатысуға;
  • клуб қызметімен байланысты кез-келген сұрақ бойынша жауап талап етуге;
  • жарғыға қайшы келмеген жағдайда басқа ұйымдарға мүше болуға.

4.3. Клуб мүшесі мыналарға міндетті:

  • клуб мақсаттары мен міндеттеріне жету жолында барынша қолдау көрсетуге;
  • клубтың жарғысын орындауға;
  • жарғылық мақсаттарды насихаттауға және оған жетуге жеке қолдауын көрсетуге;
  • мүшелер арасында өзара құрметті жоғары ұстауға;
  • клуб атына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болуға.