"Эврика" ғылыми-танымдық үйірмесі

Біздің үйірмеміздің басты ұстанымы— физика және астрономия пәнінен логикалық және қызықты есептерді бере отыра студентердің пәнге деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту.

Өз мамандығымызды меңгерте отырып физика пәнінен терендете білім берумен қатар тәрбиелік танымдық жұмыстарды ұйымдастырамыз.

Үйірме мүшелері: физика пәні бойынша өз білімдерін тереңдеткісі келетін факультет студенттері.

Үйірменің негізгі мақсаттары:

-         студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру;

-         факультет студенттерінің шығармашылық қабілетін арттыруға жағдай жасау;

-         жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуына әсер ету;

Үйірменің міндеттері:

-         студенттердің бос уақытын пайдалы өткізулерін қамтамасыз ету;

-         студенттердің қоғамдық саяси және әлеуметтік белсенділігін арттыру;

-         мәдени ағарту бағыттары бойынша іс-шаралар (мемлекеттік маңызы бар оқиғалар, атаулы күндер, ұлттық мейрамдар) өткізу;

-         студенттердің шығармашылық және креативтік қабілеттерін арттыру;

-         ЖОО студенттері арасында, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысуға баулу;

-         студент жастардың ұйымдастырушылық қасиеттерін және топта, белгілі бір ортада көшбасшылық қабілеттерін ашу;

-         оралман студенттердің кешендік тестілеуге дайындықтарын тереңдете түсуге қатысты семинарлар, тренингтер өткізу, дәрістер оқу;

-         жоба жұмыстарын орындауға үйрету;

 

Физикалық білімнің негізі – ғылымның даму барысындағы ғасырлар бойы физикалық және математикалық логикаға сай қалыптасқан қатаң ережелерді сақтай отырып, табиғат құбылысының заңдарын жас ұрпақтың игеріп, алған білімдерін өмірлік тәжірибеде пайдаланып, оны жүзеге асыра білуі.

Жастар ой өрісі кең, тәрбиелі, білімді болып, адами құндылықтарды бойына сіңіріп өссе, онда болашаққа деген қадамымыз нық болмақ.