"Жас биолог" ғылыми-танымдық үйірмесі

«Жас биолог» үйірмесінің басты мақсаты — тыңдаушының биология пәніне қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту   және қоршаған ортаны сүюге, аялауға, қорғауға баулу. Таңдаған мамандығы   туралы мәлімет бере отырып, биология пәнінен терендете білім беру. Сонымен бірге, қаламыздағы биология және экология саласындағы   ғылыми зерттеу орындары мен ЖОО – на танымжорық жасай отыра, адамгершілік дағдысын, ғылым – білім   ізденімпаздығын   қалыптастыру.

Үйірме мүшелері: таңдау пәні биология болып табылатын тыңдаушылар.

Үйірменің негізгі мақсаттары:

  • Тыңдаушының   ғылыми - зерттеу жұмыстарына   қызығушылықтарын арттыру;
  • Тыңдаушының   шығармашылықпен жұмыс   істей білу қабілетін арттыру;
  • Тақырыпқа сай танымжорықтарға бару;
  • Қоршаған ортаны қорғай білуге баулу;
  • ЖОО-на түсу үшін тест сұрақтарын талқылап, меңгерту;

Үйірменің міндеттері:

  • Тыңдаушының бос уақытын пайдалы өткізулерін қамтамасыз ету;
  • Тыңдаушының қоғамдық - саяси және әлеуметтік белсенділігін   арттыру;
  • мәдени ағарту бағыттары бойынша іс-шаралар (мемлекеттік маңызы бар оқиғалар, атаулы күндер, ұлттық мейрамдар) өткізу;
  • Тыңдаушылардың шығармашылық және тапқырлық қабілеттерін арттыру;
  • ЖОО студенттері арасында,   қалалық, республикалық сайыстарға қатысуға баулу.
  • Тыңдаушының көшбасшылық қабілеттерін   дамыту.
  • Тыңдармандардың кешендік тестілеуге дайындықтарын тереңдете түсуге қатысты тренингтер өткізу.
  • жоба жұмыстарын  жаза білуге, орындауға үйрету;

       Жастарымызды   биологиялық   білімді   бойына сіңдіру арқылы, табиғат  заңдарын  игертіп, алған білімдерін өмірлік тәжірибеде пайдаланып, оны жүзеге асыра білуге баулу. Келешек жастарымыз осындай білім ошақтарында терең білім алып, парасатты да тәрбиелі, алған білімін өмірде пайдалана біліп, дүниенің   бір кірпіші болып қалана білсе, біздің мақсатымыздың орындалғаны.