Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

 

 
   

Құрметті достар, біз сіздердің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне келгендеріңізге қуаныштымыз! Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы бұрынғы 1985 жылы ашылған шетелдіктерге арналған дайындық факультеті негізінде құрылды. Факультет тарихы біздің университетіміздің сексен жылдық тарихының бір бөлігі болып табылады. Əл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университеті білім беру саласында əлемнің 100ден аса елдерімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Қазірге дейін 7000-нан аса шетел азаматтары оқып шықты. Қазіргі кезеңде университет өзінің халықаралық байланысын жетілдіре отырып, сенімді түрде Еуропалық білім беру кеңістігіне енуде.

Біздің факультеттің түлектері өздерін оқытқан оқытушылармен байланыстарын үзбей, олармен қимас достарға айналады. Шетелдік азаматтар өмірге жолдама берген өз факультеттерін үнемі ерекше жылы сезіммен  еске алады. 

 

 

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы т.ғ.к.   Ж.Е. Жаппасов