Жаңалықтар

БИЗНЕС-ИНКУБАТОР

14-сәу-21

2021 жылы сәуір айының алғашқы күндері күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Халықаралық Фараби оқулары» атты халықаралық ғылыми іс-шара өтті. Еліміздегі алдыңғы қатардағы жоғары оқу орны бұл шараны биыл сегізінші мәрте өткізіп отыр.

Ары қарай оқу >>

«Жыр алыбы-Жамбыл»

10-сәу-21

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың 175- жылдығына арналған «Жыр алыбы-Жамбыл» тақырыбында ашық онлайн іс-шара өтті.

Шараға Азаматтық авиация академиясының аға оқытушысы Бейсебекова М.И; Ақтау туризм колледжінің оқытушысы Кушанова Г.Ж; 5, 6, 12 топ тыңдаушылары қатысты.

Тәрбие сағатының мақсаты:тыңдаушыларға жүз жасаған жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, Жамбыл Жабаев шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызын түсіндіру,тыңдаушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін    қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. 

Шетелден келген қазақ диаспора тыңдаушылары Жыр алыбы-Жамбыл туралы ізденіс жасап, өмірбаяны мен жүріп өткен өмір жолынан баяндама, слайд арқылы дайындап,ақынның жыр шумақтарын оқыды.Осы шараға қатысқан факультеттің аға оқытушылары Наралиева Р.Т,Бегалиева А.К мен Тойғанбекова М.Ш шетелдік қандас бауырларымызға үлгі- өнеге, тәлім- тәрбие беру мақсатында ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, біраз мәліметтер берді. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.

 

Ары қарай оқу >>

"Фараби әлемі"

7-сәу-21

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын еліміздегі ең ірі ғылыми форумға алыс-жақын шетелдерден 6 мыңнан астам жас ізденімпаздар онлайн қатысты.

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында 2 секция бойынша жас ғалымдардың жұмыстары сайысқа түсті. Әр секция бойынша лайықты жұмыстарға жүлделі орындар берілді.

Ары қарай оқу >>

51-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

17-нау-21

17. 03.2021 күні «Құзыреттілікке бағытталған тәсіл аясында білім беру бағдарламасы және оқу пәндері бойынша күтілетін оқу нәтижелерін бағалау» тақырыбында 51-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Театр

19-ақп-21

2021  жылдың 19 ақпанында  Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына Т.Нұрмағанбетовтың «Барымен базар» атты комедиялық қойылымға барды.

Ары қарай оқу >>

Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі

12-ақп-21

2021 жылдың 12 ақпан күні сағат 09:30-да М.Мақатаевтің 90 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты онлайн зум платформасында АИР таңдаушыларының қатысуымен ашық сабақ өтті.

Бүгінгі таңда қазақ елі қазақ поэзиясының Хан Тәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтің   90 жасқа келген мерей тойын атап өтуде. Осы орайда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім еру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушыларының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтің 90 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты ашық сабақ өткізілді. Мақсаты өскелең ұрпақты Мұқағали жырымен таныстыру.

Ақынның құнды еңбектері өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған болса, АИР келген тыңдаушыларда ақынның «Жапырақ жүрек жас қайың» атты өлеңін дәри тіліне аударып, Мұқағали шығармаларымен танысты.

Жауаптылар: ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары: Ж.Б.Саткенова, Г.А.Тастемирова, Г.Т.Тилеужанова, Г.Е.Сапаева

Ары қарай оқу >>

Музыкалық фестиваль

24-қаң-21

Музыкалық фестиваль 24.01.2021 Огайо штатының Цинциннати қаласы, Union Institute & University (UI&U) белгілі профессор Тичаут Вуден ұйымдастырды. Цинциннати университеті (UI&U) — АҚШ-тың Огайо штатындағы Цинциннати қаласында орналасқан жеке ғылыми-зерттеу университеті. Огайо штатының университет жүйесінің бөлігі және Цинциннати қаласындағы ең көне жоғары оқу орны.

Мақсаты-халықаралық аудиторияны әлем халықтарының әндерімен сүйемелдей отырып, қазақ домбырасы мен америкалық гитараның музыкалық колоритімен таныстыру.

Музыкалық фестивальдің қонақтары – Әл Фараби атындағы ҚазҰУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары және АҚШ, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан студенттері.

Кеш Қазақ, Ауған және ағылшын тілдерінде қызықты дискуссиямен және әндердің орындалуымен өтті.

 

Ұйымдастырушылар: М.С. Мырзабеков, Ж. Т. Бимагамбетова, З. М. Тохмухаметова, М. Н. Нургалиева, А. Ш. Муртаза

Ары қарай оқу >>

Нұротан

13-қаң-21

Бүгін Нұротан партиясы 76 кандидаттың тізімі бекітіліп, мәжілістің У11-шақырылымының депутаттары ретінде тіркеуге орталық комиссияға жолдады. Депутаттардың 70 %-ы жаңарып, орташа жасы – 49 болыпты. Осы тізімдікте біздің әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетінің түлектері – Назарбаева Дариға Нұрсұлтановна және менің шәкіртім Ерман Мухтар Тілдәбекұлы да бар. Құттықтаймын!

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы: Бегалиева А.К.

Ары қарай оқу >>

Сайлау

10-қаң-21

Бүгін 2021 жылдың 10-қаңтарында елімізде Парламент пен жергілікті маслихаттардың кезекті саяси науқаны өтуде. Менде Қазақстан Республикасының азаматы ретінде таңдауымды жасап, азаматтық борышымды орындадым. Сондықтан Конституциялық құқығымды пайдаланып,елімнің болашағы,тағдыры,тыныштығы,келешегі, тұрақтылығы үшін дауыс бердім.

Ары қарай оқу >>

Атажұртым - Қазақстан

6-қаң-21

6.01.2021 ж, сағ 11 00-де ZOOM   платформасында «Атажұртым – Қазақстан» тақырыбымен ашық тәрбие сағаты болды.

Тәрбие сағатына кафедра оқытушылары,   факультеттің аға кураторы, оралман тыңдаушылар және ҚХР-ның   бірнеше магистранттары қатысты.

Сабақ барысында Қазақстанның Тәуелсіздік жолына дейінгі тарихи кезеңдері айтылып, сабақ өте қызықты өтті.

Ары қарай оқу >>