Әлеуметтiк - тәрбиелiк қызмет

ОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында жүргізілетін тәрбие жұмыстары оқу үдерісінің ажырамас бөлігі. Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты - шетелдік тыңдаушыларды жаңа ортаға бейімдеу, біздің елдің өткені мен қазіргі қалпын көрсету арқылы тарихымен, мәдениетімен таныстыру. Олар оқу үдерсі, күнделікті тұрмыста кездесетін кез-келген мәселелерді шешуде бірінші кезекте кураторларға жүгінеді. Осы бағытта оқу жылының алғашқы аптасында жылдық тәрбие жұмысының жоспары жасалынып, сол бойынша жұмыстар атқарылады. Атап айтқанда:

  • Оқу жүйесімен, жатақхананың ікі ережелерімен таныстыру;
  • Түрлі ортада өзін қалай ұстау керектігі жайлы әңгіме өткізу;
  • Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында тұру ережелері;
  • Жеке бас тазалығы мен денсаулық күтімі;
  • Жол жүру ережелерімен таныстыру;
  • Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны аялау сияқты тақырыптарда әңгіме сағаттарын өткізу;


Бұл жұмыстармен қатар факультетте тыңдаушыларды қала өмірімен, республиканың өткені мен бүгінгі күнгі тарихымен кең ауқымды таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Осы орайда оларды қаланың көрікті жерлерін аралатумен қатар ел тарихынан мол мағлұматтар беретін мұражайларға, тарихи орындар мен театр қойылымдарына апарып отыру қарастырылған.

Факультет тыңдаушылары арасында айына бір рет кең көлемдегі тәрбиелік мәдени шаралар өткізіледі. Республикалық айтулы мерекелік күндер де факультет ұжымының тарапынан тыс қалмайды. "Қазақстанға қош келдің!", "1 желтоқсан - ҚР тұңғыш Президенті күні", "Тәуелсіз елім - кең байтақ жерім", "Желтоқсан жаңғырықтары", "Наурыз мейрамы" т.б. шаралар - осының айғағы.

Тәрбие жұмысында клубтар мен үйірмелердің алатын орны ерекше. Қазіргі уақытта екі клуб, жеті үйірме жұмыс атқаруда. Олар; С.Әшімбаев атындағы «Парасат» жас әдебиетшілер және «Дені саудың-жаны сау», «Өлкетану» клубтары, «Достық көпірі»,«Жас тарихшылар», «Жас талап», «Шамшырақ-достық көпірі», «Эврика», «Темірқазық», «Сөз зергері», «Мұражайтану», «Любители русского языка», «Шын сөйле», «Аудармашы «Жас шебер», «Жауқазын» үйірмелері.

Тәрбие жұмыстарының, клуб пен үйірмелердің барлығының ортақ мақсаты-тыңдаушыларды бір жыл ішінде өз қызығушылықтары бойынша жаңа ортаға бейімдеп тәрбие бағыт –бағдар беру.

 

Іс-шара атауы

Күні

Сипаттамасы


Наурыздағы Отырар кереметі

23.03.2023

"Кім тапқыр?" интеллектуалды білім сайысы

18.03.2023
 

“М.Қашқари мен Ж.Баласағұнидың бізге жеткен мұрасы”

15.03.2023

Ұлттық киім-мәдени мұра

14.03.2023

Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі

13.03.2023
  Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы үйірме мен клубтар апталығының аясында «Қазақ киносы» клубының мүшелері 22 ақпан күні Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайын тамашалады.  22.02.2023
  23-24 АИР топтарында өткізген «ҚазҰУ студенті не білуі тиіс? атты кураторлық сағаты 24.01.2023
       
       
  "Мен Отанның бақытты ұлымын" 23.12.2022

   

Ахмет Байтұрсынұлы - Ұлт ұстазы

 23.12.2022  
   "Қазақ хандығына саяхат"  23.11.2022  
   Кітапхана  10.12.2022  
   

Биологиялық ғылыми мұражайға саяхат

 08.12.2022  
  Samsung Innovation Campus 05.12.2022
 

"Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі"

30.11.2022
  Биология мұражайы 26.11.2022
  Алтын күз 26.11.2022
   

“МЫҢ БІР МАҚАЛ, ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ”

 12.11.2022  
   

“FARABI FEST”-2022 Ж. ХАЛЫҚ БИІ НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ

 11.11.2022  
 

“FARABI FEST” - 2022 Ж. ХАЛЫҚ БИІ НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША 2 ОРЫН ЖҮЛДЕГЕРІ

11.11.2022
   "Super student" байқауы  29.10.2022  
  "Жауқазын гүл өсіру" үйірмесі үйірме мүшелерімен кезекті отырысын өткізді. үйірме мүшелерімен бөлме гүлдерін өсіру, баптау, олардың күтімі туралы, сонымен қатар, гүл өсірген жағдайда ескере бермейтін қызықты ақпараттармен бөлісті 29.10.2022
98

Университет қалашығында ЖОО-дейінгі дайындық кафедраның 3-топ тыңдаушылары "Алтын күз "көрмесін тамашалады. Көрмеде өз кафедрамыздың түрлі қолөнер бұйымдары қойылды. Кітап жәрмеңкесінен қазақ классиктерінің кітаптарын алды. Кітап көрмесінде университеті ректоры Ж.Қ.Түймабаев аралап жүріп,біздің топтың балалары ол кісімен жеке суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Ректор мырзаның кішіпейілділігіне шәкірттер риза болды. Сондай-ақ, "Сұңқар", "Көмек" ұйымдарының жұмыстарымен танысты. Шетелден келген тыңдаушылар университетііміздің студенттер атқаратын түрлі шараларымен танысты. Көрме өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

3-топ кураторы:аға оқытушы Ж.С.Әділханова

22.10.2022
97 Университетіміздің ұйымдастырған "Алтын күз" атты жәрмеңкесінде көрсетілген "Жас шебер" көрмесі  22.10.2022  
96  Факультеттік деңгейде өткізілген "Атамекенге қош келдіңіз "іс-шарасы   21.10.2022  
95  "Жас шебер" үйірмесінің жетекшілері ұйымдастырған көрме  21.10.2022  
94

2022 жылдың 19 қазанында ZOOM платформасында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Қазақстан еліне саяхат» атты онлайн ​ мерекелік іс-шарасы өтті.   

 

Ұйымдастырушылар: Тастемирова Г.А., Тилеужанова Г.Т., Сапаева Г.Е., Ибраимова Ж.Т., Әбдібекова К.Ж., Өзенбек С.Б.

19.20.2022
93  «Кітапхана-ақыл мен білім ордасы» атты іс шарасы. Жауапты оқытушылар: Г.А.Тастемирова, Г.Т.Тилеужанова, Г.Е.Сапаева, Ж.Б.Саткенова  30.10.2021  
92  «Тәрбие-тәртіптен басталады» атты ашық тәрбие  сағаты. Жауапты оқытушылар: Г.А.Тастемирова, Г.Т.Тилеужанова, Г.Е.Сапаева, Ж.Б.Саткенова   22.10.21  
91   15.10.2021 ж. 16.00 «ҚазҰУмен таныстыру» атты кураторлық – тәрбие сағаты. Жауапты: эдвайзер-кураторы Сандуғаш Нұртілеуова  15.10.2021  
90 12.10.2021 жыл «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры»   сағат 16.00-де  онлайн кураторлық сағат. Жауапты кураторы: Идрисова Г.А. 12.10.2021
88

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Мұражайтану» үйірмесінің жұмысы бойынша кафедрамыздың 1-2 топ тыңдаушылары «ҚазҰУ-нің 75-жылдық тарихы», «Биология  факультетінің», «Әл-Фараби кітапханасының» мұражайларына саяхат  жасады. 

14.11.2019
 87  30.10.2019ж күні "Айналаңды нұрландыр!" жобасы аясында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі Молдахмет Сейдахметұлының бастауымен кафедра оқытушылары тыңдаушыларды Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрына апарды.  30.10.2019  
 86 2019 жылы 21 сәуір жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО дейінгі дайындық кафедрасында оқитын шетел студенттері «Алматы Марафоны 2019» белсенді қатысты.  21.04.2019  
 85

2019 жылы 20 сәуір жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО дейінгі дайындық кафедрасында оқитын шетел студенттері декан Кубогына футбол бойынша жарысқа белсенді қатысты. Кафедра студенттері 4-ші орынға ие болды.

 
 20.04.2019  
 84 2019 жылдың 9 сәуір күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен VІ Халықаралық Фараби оқуларының аясында ХХХІV Халықаралық ғылыми конференция өткізілді.  09.04.2019  
 83

2019 жылының 2 наурыз күні жоғарғы оқу орыны деінгі білім беру факультетінің екінші қабатындағы фойесінде кафедра оқытушылары мен «Денсаулық» спорт-сауықтыру клубының ұйымдастыруымен үстел теннисінен шетелдік студенттер арасында жарыс өткізілді.

02.03.2019
 82  Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің оқу ғимаратында ЖОО дейінгі дайындық  кафедрасының оқытушыларымен спорт клубының бастамасы бойынша үзіліс кезінде және сабақтан кейін шетел студенттері орнатылған теннис үстелінде ойын ойнайды. 21.02.2019  
 81 2019 жылдың  18  ақпанында  Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биология музейіне  барды. Экскурсияның мақсаты тыңдаушыларды Қазақстанның флорасы мен фаунасының ерекшеліктерімен таныстыру болды.   18.02.2019  
 80 2019 жылдың 5 ақпан күні жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы оқытушыларымен ҚазУҰ-ің Имидждік саясат және қоғаммен байланыс Департаменті директоры Д.Қ.Дюсебаев кездесу өткізді. Кездесуде Д.Қ.Дюсебаев университеттің тартымдылығы жоғары болуы үшін индикативтік жоспардың орындау талаптары туралы әңгімелеп берді. Департамент басшысы кафедра мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.   05.02.2019  
79
2019 жылдың 30 қаңтарында Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар «100 кітап» жобасы аясында қазақтың атақты жазушысы М.Әуезовтің мұражай-үйінде экскурсияда болды. Экскурсия барысында тыңдаушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты ақпараттар алды. 30.01.2019

 78

2019 жылдың 22 қантарында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедраның профессорлық-оқытушылар курамы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің кеңейтілген Ғылыми кенесінің мәжілісіне қатынасты. Жиналыста факультет деканы Ж.Е.Жаппасов 2018-2019 оқу жылының құзгі семестрінің Есебін баяндады. Есеп беру жиналысында ҚазҰУ-нің әкімшілік департаментінің басшысы Ә.Ә.Әубакіров сөз сойледі. Мәжіліс іскерлік және конструктивтік жағдайда өтті. 

22.01.2019
 77

2019 жылдың 11 қантарында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра кураторлары Тәрбие жөніндегі департаменттің қолдауымен кураторлар-эдвайзерлер Мектебінің жұмысына белсене қатысты. 

11.01.2019
 76

2019 жылдың 4-11 қантар күндерінің аралығында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің құрама командасында ЖОО дейінгі дайындық кафедрасы оқытушылары «Денсаулық» атты әртүрлі спорт түрінен дәстүрлі факультет аралық ойындар жарысына белсене қатысты. 

4.01.2019
 75  ''Бір белдеу - бір жол бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай халық Республикасы арасындағы құқықтық әрекеттесі мәселелері'' атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті 21.12.2018  
 74

2018 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 12:00-де ГУК-4 ғимаратының акт залында Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының «Ашық есік күні» өтті. 

7.12.2018
73
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Мұражайтану» үйірмесінің жұмысы бойынша «ҚазҰУ-нің 75-жылдық тарихы», «Биология  факультетінің», «Әл-Фараби кітапханасының» мұражайларына саяхат  жасалынды.  6.12.2018
72

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Д.А.Қонаевтың мұражай–үйі – мәдени мұра» атты саяхат 

Тыңдаушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегімен, өмірімен таныстыру мақсатында Д.А.Қонаев мұражайына саяхат жасалды. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, тыңдаушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу .Мұражаймен ғылыми қызметер таныстырып,толықтай ақпарат берді.

5.12.2018
 71  2018 жылдың 4 желтоқсанында Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылары «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына Т.Нұрмағанбетовтың «Қожанасыр тірі екен...» атты комедиялық қойылымға барды. 4.12.2018
70

Мен жастарға сенемін. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Тұңғыш президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты студент жастардың VI республикалық патриоттық форумы өз мәресіне жетті.

 

 3.12.2018  
 69  2018 жылы 1 желтоқсан күні сағ. 14.00-16.00 14 жатақханада ЖОО дейінгі білім беру дайындық факультеті ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының «Денсаулық» спорт-сауықтыру клубының жетекшілігімен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай шахмат ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.  01.12.2018  
68
Ұлықбек 36. 203 ауд.       1 желтоқсан Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне орай, Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерекесіне арналған «ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»  атты ашық тәрбие сағаты. 29.11.2018
 67  Орталық кітапханада халық жазушысы Ә.Нұршайыков ат.шығармашылық байкау болды. Оған Әл -Фараби ат.ҚазҰУ-ң ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы "Шамшырақ"клубының мүшесі Г.Әзілбек жүлделі 3-орынға ие болып,30000 сыйақыға ие болды.Жетекшісі аға оқытушы Ж.С.Әділханова.  23.11.2018  
66
 «ҚазҰУ – нің студенттері оқитын 100 кітап» жобасы аясында 6,7 топ тыңдармандарын ҚазҰУ – нің кітапханасымен таныстырылды. 22.11.2018
65
2018 жылдың қарашаның 19 күні «Менің университетім» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті. Оған АИР-дан келген тыңдаушылар мен   деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Амирканов М. Б.,факультеттің аға куратор-эдвайзері Нусупбаева С.А., АИР топтарының аға куратор-эдвайзері Тастемирова Г.А., куратор-эдвайзерлер Мәтбек Н.Қ.,Тилеужанова Г.Т., Сапаева Г.Е. қатысты. 19.11.2018
 64 «Айналаны нұрландыр» багдарламасы аясында әл Фараби атындағы ҚазҰУ –нің биология факультетінің мұражайына саяхат болды.  17.11.2018  
63
Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Айналаны нұрландыру» жобасы аясында Халықаралық студенттер күніне арналған «Жан жылуы» атты Ән – жыр шығармашылық кеші өтті.  15.11.2018  
 62 Тыңдармандарға Алматы қаласының мәдени ошақтарын таныстыра келе М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына саяхат.  8.11.2018  
61
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Рухани жаңғыру және білім салтанаты» атты азаматтық-патриоттық, оқу-әдістемелік семинар өтті.  31.10.2018  
 60 ЖОО на дейінгі факультеттің мәжіліс залында ҚазҰУ нің жалпы ережелері және шетел азаматтарының мәселелері бойынша жиналыс өтті.  30.10.2018  
 59

2018 жылдың 25 қазанында Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында орналасқан «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына саяхатқа барды.

25.10.2018
 58 Есік көлі 25.10.2018
 57

2018 жылдың 25 қазанында АИР тыңдаушылары Еңбекшіқазақ ауданындағы ең ірі «Фауна» түйеқұс фермасын саяхатқа барды. Ферма 2005 жылдан бері қызмет жасап келеді екен. Түйеқұс – ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 келіге дейін жетеді. Бұл саяхат тыңдаушылардың өмірінде естен кетпес естеліктерімен жатталып қалғаны сөзсіз.

25.10.2018
 56

ЖОО на дейінгі факультеттің тыңдаушылары «Алтын күз» кешін өткізді. Кешке он топтың тыңдаушылары қатысты.

 25.10.2018  
 55

«Керемет» орталығының кинозалында «Түрік әлемі» кинофестиваліне орай тыңдаушылар деректі фильмді тамашалады.+ фото бар

 19.10.2018  
 54  

Г.А.Тастемирова, Н.Қ.Мәтбек, Г.Т.Тилеужанова, Г.Е.Сапаевалардың ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13 қазанында АИР тыңдаушылары Алматы қаласынан 18 км жерде орналасқан Медеу мұз айдынына саяхатқа барды. Медеу – әлемге танымал биік тауда орналасқан спорт кешені. Тыңдаушылар баспалдақпен жоғары көтеріліп, бөгетті көрді. Бүгінде Медеу спорт кешенінің аты бүкіл әлемге жайылған орын. Сол орынды тыңдаушылар өз көздерімен көріп, алғыстарын білдіріп жатты.

13.10.2018
 53 ЖОО на дейінгі факультеттің мәжіліс залында ҚР-ның президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тұран-Иран ғылыми зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д. профессоры Ислам Жеменеймен «Менің өмір жолым: Жат жердегі қилы кезеңдер мен Отаныма оралуым» атты тақырыбта кездесу өтті.  12.10.2018ж

 

 52 Қазақстанға қош келдіңдер 22.09.18
 51 Достыққа шекара жоқ 3.09.18

 

 

 

 50

  АИР тыңдаушыларының бітіру кеші өтті.  20.06.2017.  
 49   ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы оқытушылары  «Түркістан қаласына саяхат» атты іс-шара ұйымдастырды.Бұл шара АИР тыңдаушылардың қатысуымен Түркістан қаласында болып өтті. 

 

 02.04.2017 ж.  
48
 ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы оқытушылары «Отырар төбеге саяхат» атты іс-шара ұйымдастырды. Тарихи құндылықтарға толы қаламен танысып, 1219 жылы Моңғолдар жермен-жексет етіп қиратқан қаламен, қаланың тарихымен таныстыру мақсатында жүргізілді.   01.04. 2017 ж  
47  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы оқытушылары «Арыстанбаб кесенесіне саяхат» атты іс-шараұйымдастырды.Бұл шара АИР тыңдаушылардың қатысуымен Отырар қаласында болып өтті. Мақсаты: шетелдік тыңдаушыларға Қазақстан тарихы: тарихи сәулет ескерткіштері, ұлы тұлғалар, ұлттық құндылықтар туралы кеңірек мәлімет беру 31.03.2017 ж.  
 46  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы оқытушылары «Отырар кітапханасына саяхат» атты іс-шара ұйымдастырды.Бұл шара АИР тыңдаушыларының қатысуымен Отырар қаласында болып өтті. Тарихи құндылықтарға толы Отырар кітапханасымен таныстыру мақсатында жүргізілді.   30.03.2017 ж.  
 45

2017 жылы 8 сәуірде сағат 10.00-да 217-дәрісханада ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017: болашақ энергиясы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының  мақсаты шетелдік студенттерге Астана ЭКСПО-2017 көрмесі туралы өзекті ақпарат беру және  жасыл энергия – бұл болашақ энергиясы, альтернативті энергия екенін және жасыл энергия мен экологиялық таза биоотындарды пайдаланудың тиімділігін түсіндіру таныстыру болатын.

 
 08.04.2017  
 44  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің  221 ауд.да Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылармен КазҰУ-дың студенті оқуға тиісті «100 кітап» жобасы аясында «Менің тілім – менің досым!» атты іс-шара өткізілді. Тыңдаушылар факультетте қазақ және орыс тілдерін үйреніп жүр. Олар «Эзоп» мәтінінен көрініс қойды.   10.04.2017 ж.  
 43  сағ.10-00-де  Әл-Фараби кітапханасында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу:  мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында ҚР ЖОО-да студенттердің құжатын нострификациялау, студенттердің құжатын рәсімдеу мәселелері талқыланды.   16.04.2017 ж  
42

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ауған тыңдаушылары «Түрксой» компаниясының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концертіне барып қайтты. Студенттер сарайында өткен концертке барлық факультет студенттері қатысып, қызықтады. Концерт өте қызық өтті. Шетелдік тыңдаушылар қазақтың әне түрік елінің мәдениетімен, әндері мен көріністерімен танысып қайтты.

 18.03.2017.  
 41  14.00-17.30 уақыт аралығында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің мәжіліс залында «Қыз-қызғалдақ, әйел-көктем, ана-гүл» атты мерекелік концерт өтті. Кеште факультет деканы және ер мұғалімдері әйел мұғалімдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Гүл шоқтарын ұсынды  04.03.2017ж.  
 40 сағат 10.00-деәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де«БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі»атты халықаралық студенттік конференция өтті. Конференцияға Ауған Ислам Республикасынан ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіне оқу сапарымен келген тыңдаушылар көрермен ретінде қатысты. 

 

  24.02.2017 ж.  
 39

 әл-Фараби кітапханасындаЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен «Кітап – өмір ұстазы» атты іс-шара өтті. «Студенттің оқуы тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Әл-Фараби кітапханасының мұражайы» жайлы түсінік берілді.

 
 03.02.2017 ж  
 38  2017 жылы 29 қаңтарда Қазақстанның ірі мегаполисі – Алматы қаласында  «Қанатыңды кең серпі!» атты халықаралық студенттік қысқы универсиада ашылды. Алғашқы алау жағу салтанаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан бастау алып қаламыздың негізгі көшелерін аралап шықты.   29.01.2017 ж.
 
 37

 ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің акт залында «Мен инженер болуды армандаймын» атты Қарағанды университетінен келген өкілдің АИР тыңдаушыларымен кездесуі өтті.

 


 16.01.2017 ж.  
36   Жатақханада АИР топтары оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тарихты білу парызың!» атты іс-шара өтті. Ауған Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар Қазақстан тарихы жайлы қосымша мәліметтер алып, пікір-талас, сұрақ-жауап болды.  02.01.2017 ж.  
35

 ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің акт залында «Біз – жасампаз жастармыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мереке АИР тыңдаушыларының орындауында ҚР әнұранымен басталды. Мекерелік кеш өз дәрежесінде, бағдарламаға сай жүргізілді. Тыңдаушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтылып, би биленді. Ауған тыңдаушылары қазақ әндерін шырқады. Өлең оқылды. 

31.12.2016 ж.  
 34  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің акт залында (Ұлықбек көшесі, 36) әлемге ортақ мереке «Жаңа жылдық думанды кеш» атты іс-шара өтті. Думанды кеш «Жаңа жыл» әнімен басталды.  27.12.2016 ж.  
33    Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған«Тұңғыш Президент күні» атты  іс-шара болып  өтті. АИР тыңдаушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жайлы мәлімет берілді. Президент жайлы кітаптармен таныстырылды.

 

 09.12.2016 ж.  
 32   2016 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 20.00-де жатақханада акт залында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты  іс-шара өтті.   07.12.2016ж.  
 31 2016 жылдың 8 желтоқсан күні сағат 15.00-де акт залында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Электр энергиясын үнемдейік!» атты  іс-шара өтті.    08.12.2016 ж.
 
30

Студенттер үйінде АИР топтары оқытушыларының ұйымдастыруымен «ДОМБЫРАМ – АСЫЛ МҰРАМ» атты іс-шара өтті. Ауған Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар қазақтың күмбірлеген домбырасының дауысын тамсана тыңдады.   

01.12.2016 ж  
29   2016 жылдың 29 қарашасында   сағ.18.00-де  217 дәрісханада ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің  ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Елін сүйген Елбасы» атты ашық эдвайзер сағаты Ауған Ислам Республикасынан  келген   тыңдаушылардың қатысуымен өтті.  29.11.2016 ж.
 
 28   ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің (Ұлықбек, 36) 313-дәрісханасында «А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы» атты іс-шара өтті. Тыңдаушылар А.Байтұрсыновтың өмірі туралы баяндамалар жасады, ақынның өлеңдерін оқып, тақырып бойынша викториналық сұрақ-жауаптар болды.   26.11.2016 ж.  
 27  ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 25 жылдық мерейтойына және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Атамекенім – Қазақстан!» атты фестиваль өтті. Фестивальға Шетелден келген қандастарымыз қатысып өз өнерлерін көрсетті.  24.11.2016 ж.
 
26   Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің мәжіліс залында «Елші сағаты» атты кездесу өтті.                                      АИР Бас консулдығының елшілері ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің басшылығы мен тыңдаушыларын Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, факультет басшылығына өз ризашылығын білдірді.   23.11.2016 ж.  
 25    «Алматы Аренада» «Салауатты өмір салты» жобасы аясында «Шынықсаң шымыр боласың» атты іс-шара өтті.  «Салауатты өмір салты» жобасының аясында оқытушылар АИР  тыңдаушыларымен коньки тебуге барды. Тыңдаушылар коньки теуіп денелерін шынықтырды.   19.11.2016 ж.  
 24    Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің акт залында «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» халықаралық студенттік конференция өтті. Аталмыш модель БҰҰ-ның Орталық Азия аумағындағы ең ірі моделі болып табылады. Жастар форумы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен еліміздегі БҰҰ қызметінің 25-жылдығына арналды.   17.11.2016 ж.  
 23   "Сауаттылық-басты білім" атты АИР топтары арасында байқау өтті.  15.11.2016 ж.
 
22    Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Кітаптың құдыреті» атты іс-шара өтті. «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Әл-Фараби кітапханасының мұражайы» жайлы түсінік берілді.  12.11.2016 ж.  
 21 «Театрдағы тарихи қойылымдарды тамашалау» атты іс-шара өтті. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары мен қазақ диаспора топтары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында М.Әуезов атындағы театрдан «Ақтастағы Акико Сан» атты тарихи  қойылымды тамашалап қайтты.

 

 02.11.2016 ж
 
 20  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында «Ақын шығармашылығымен танысу» атты іс-шара өтті.                                                             Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары мен қазақ диаспора топтары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында Т.Молдағалиевті еске алу кешін тамашалап қайтты.   21.10.2016 ж  
 19  "ҚазҰУ қалашығы!" атты іс-шара өтті. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен  өткен бұл іс-шарада тыңдаушылар  КазҰУ қалашығымен танысты. Қалашықты аралап, оқу ғимараттарымен, «Керемет» студенттер орталығын, тамақтану орталығын, студенттер сарайын, спорт кешендерін көріп  тамашалады.

 

 19.10.2016 ж.
 
 18   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «Шетелдік тыңдаушылар ҚазҰУ қалашығында» атты мәдени-танымдық саяхат сабағы өтті. Ауғанстан Ислам Республикасынан Қазақстанға оқу сапарымен келген тыңдаушылар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығын аралады.    11.11.2016 ж.  
 17 ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің (Ұлықбек, 36) мәжіліс залында «Түлектермен кездесу» кеші өтті. Мерекелік кешке 2015-2016 оқу жылы ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында білім алған тыңдаушылар қонаққа келіп, өздері жайлы әңгімелеп берді.    11.11.2016 ж.  
 16   2016 жылдың 6 қарашасында сағат 17:30-да «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында АИР топтары М.Әуезов атындағы театрға «Қожанасыр» қойылымына кураторларымен барып тамашалады. Қойылым тыңдаушыларға қатты ұнады.  06.11.2016 ж.
 
15    ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытуышлары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Ауған Ислам Республикасынан келген тыңдаушыларды М.Әуезов атындағы драмтеатрға «Таңсұлу» қойылымына алып барды.   06.11.2016 ж.  
 14  

 ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті(Ұлықбек,36) ғимаратының ауласында «Таза бейсенбі» атты іс-шара өтті. Кафедра оқытушылары жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ғимаратының ауласын тазалады. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының өкімі бойынша сенбілікке жауапты оқытушылар қаламыздың таза қалпында сақталуына өз үлестерін қосты.

 

 

 05.11.2016 ж.  
 13
  1. «Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер» студенттік белсенділерді сайлау өтті. Шетел тыңдаушыларын ҚазҰУ ережелерімен таныстыру іс-шарасы атқарылды. Ауған Ислам Республикасының тыңдаушыларына ҚазҰУ-дың шетел студенттеріне арналған ережелерін таныстырып, оларды қатаң сақтауды ескертті. Жатақхананың студенттік белсенділері сайланды. 
 
   
 12  
  1. 30ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің (Ұлықбек, 36) мәжіліс залында «Салауатты өмір салты» жобасы аясында «Қызықты старт» спорттық сайыс өтті. «Қызықты старт» сайысы 4 топ арасында өтті. Жарыс 7 айналымнан тұрды. 
   
 11  «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» жатақханадағы тәртіп жайлы түсіндіру атты іс-шара. Уақыты: ылы сағат 14.00-де. Өткен орны: ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің мәжіліс залы.   20.10.2016 ж  
 10  «ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАМАН» (Ауғанстаннан келген тыңдаушыларға ЖСН рәсімдеу). Уақыты: ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті  ауған тыңдаушылардына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) алу мақсатында құжаттарын рәсімдеу шараларын ұйымдастырды. Тыңдаушылар құжаттары нотариалды кеңседе аударылып, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға қажетті құжаттар өткізілді.     
 9  «Табиғатты аялайық!»    

8

 ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы ҚазҰУ-дың Керемет орталығында «Жұқпалы аурулардың алдын алу» атты іс-шара өткізді. Кафедра оқытушылары қазақ диаспора өкілдерінен құралған тыңдаушылар тобын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында медициналық тексеруден өткізу шараларын ұйымдастырды.

07.10.2016 ж  

7

  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы «Білім – таусылмайтын кен» атты іс-шара өткізді. Кафедра оқытушылары Ауған Ислам Республикасынан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне  оқу сапарымен келген тыңдаушыларды «Білім –таусылмайтын кен» атты іс-шара аясында тыңдаушылардан математика пәні бойынша тест алу шараларын ұйымдастырды.


30.09.2016 ж.  

6

  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы «Жатақхана өз үйім» атты іс-шара өткізді. Шетел тыңдаушыларын ҚазҰУ ережелерімен таныстыру іс-шарасы атқарылды. Ауған Ислам Республикасынан Қазақстанға оқу сапарымен келген тыңдаушыларды ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары жатақханадағы тәртіп пен оқу ғимаратындағы тәртіпке шақырды. ҚазҰУ-дың шетел студенттеріне арналған ережелерімен таныстырып, оларды қатаң сақтауды ескертті. 

 

30.09.2016 ж.
 

5

 ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы «Өзіңді тану өмірді тану» атты іс-шара өткізді. Кафедра оқытушылары ауған тыңдаушыларының құжаттарын рәсімдеу шараларын ұйымдастырды. Суретке түсірткізіп, құжаттарын жинап Керемет орталығына өткізу жұмыстары жасалды.

 

29.09.2016 ж  

4

  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы ҚазҰУ-дың Керемет орталығында «Денсаулық – зор байлық» атты іс-шара өткізді. Кафедра оқытушылары Ауған Ислам Республикасынан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне  оқу сапарымен келген тыңдаушыларды медициналық тексеруден өткізу шараларын ұйымдастырды. 

 

29.09.2016 ж  

3  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы «Ас – адамның арқауы» атты іс-шара өткізді. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары Керемет орталығының асханасында АИР тыңдаушыларына кешкі ас беруді ұйымдастырды. 
 28.09.2016 ж  
2  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы Қазақстан әуежайында «Қазақ – қонақжай, мейрімді халық» атты іс-шара ұйымдастырды. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары Ауған Ислам Республикасынан (АИР) Қазақстанға оқу сапарымен келген тыңдаушыларды әуежайдан күтіп алды. Тыңдаушыларды орналастыруға жауапты оқытушылар АИР тыңдаушыларын №14 жатақханаға орналастыру шараларын ұйымдастырды.  28.09.2016 ж.
1  ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында «Қала тазалығы үшін ат салысайық» атты іс-шара өтті. Кафедра оқытушылары факультет ғимаратының ауласын тазалады. Өкім бойынша сенбілікке жауапты оқытушылар қаламыздың таза қалпында сақталуына өз үлестерін қосты.  10.09.2016 ж.