Жаңалықтар

Құндылықтар негізінде білім беру

11-қаз-22

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде "білім-инновация" лицейлерімен тәжірибе алмасу семинар-тренингі өтті. 

Модератор: Суатай Сәбит Құрманжанұлы

Спикерлер: Төлебаев Нұрбол Насырбекұлы, Әлішер Жүнісов, Роман Әділетұлы

Ары қарай оқу >>

Жалпыуниверситеттік сенбілік

8-қаз-22

08.10.2022 күні жалпыуниверситеттік сенбілік өтті. Сенбілікке біздің кафедраның ОПҚ құрамы мен топ тыңдаушылары белсенді ат салысты. Салауатты өмір салтын ұстану өзімізден басталады.

Ары қарай оқу >>

Педагогтың кәсіби моделі

7-қаз-22

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің АКТ залында "Педагогтың кәсіби моделі" атты тренинг өтті.
Спикерлер: Суатай Сәбит Құрманжанұлы, ф., ғ., к., ассоц. профессор
Қоңырова Ақбота Тұрағұлқызы, Өрлеу біліктілікті арттыру институнының тренері

Ары қарай оқу >>

Көрікті Көлсай аймағына саяхат

14-қар-21

Танымдық саяхаттың мақсаты:  Еліміздің көркем жерлерімен шет елден келген тыңдаушыларды таныстыру. Саяхат барысында теңіз деңгейінен 3000 м-ге жуық биіктікте жатқан Жоғарғы Көлсай, Орта Көлсай (Қайыңды) мекендерін аралап, Көлсай көлдерінің әсем табиғатын тамашалаған тыңдаушылар ұмытылмас әсерге бөленді.

Ары қарай оқу >>

Театрдың жастарға берері мол

28-қаз-21

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының 1, 3, 5, 6, 7, 15, 17   топ тыңдаушылары және кураторлары Мужигова Г.М., Дауытова Ж.К.,  Нусупбаева С.А., Аширбекова Қ.С., Жұмаділ Г., Исаева Н.Т. 2021 жылдың қазанның 28 жұлдызында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, "Сыған серенадасы" атты қойылымды тамашалады.   

Ары қарай оқу >>

«Бабалар аманатына адалдық»

31-мам-21

ЖОО дейінгі білім беру факультетінде  «Бабалар аманатына адалдық» атты 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандары болған  Алаш көсемдерін еске алуға арналған  эссе жазу байқауы  болып өтті. Байқауды ұйымдастырған «Шамшырақ» әдеби клубы.  Шығармашылық байқауға  ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары мен осы факультеттің құрамындағы колледж студенттері қатысты. Олар өздерінің шығармаларында өткен ғасырдағы алапат нәубетті жылдардың тарих бетінде қалған ізін, Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы,  Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Жүсіпбек Аймауытов сынды тұлғалардың елі үшін еткен еңбектері мен артында қалған мол рухани мұралары туралы толғана жазды.  

Ары қарай оқу >>

ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУ - 2021

29-мам-21

Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің дәстүрлі жыл сайын мамыр айының соңында өтетін «Түлектер күні» салтанатты жиыны болып өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналды. Атаулы шара университетіміздің «Түлектер Қауымдастығының» Президенті Қ.Ә.Мәмидің және деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, доцент Ербол Тілеубердіұлының құттықтау сөздерімен ашылды. 

Ары қарай оқу >>

Қазақстан-татулық пен бірліктің мекені

4-мам-21

Бүгінде білім мен ғылымның қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көптеген ұлт өкілдерімен шетелдік студенттер бір шаңырақтың баласындай білім алып жатыр.

Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 04 мамырда ZOOM платформасында, 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Қазақстан –бірлік пен татулықтың мекені» атты ашық онлайн іс-шара өтті. Бұл шараны өткізудегі мақсаты: Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Өзара жағымды қарым – қатынасты дамыту, Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қатынасын нығайту, өзара достықты, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Бұл шараға Азаматтық авиация академиясының аға оқытушысы Маданова М.Б, Азаматтық авиация колледжінің ақпараттар технологиясы бойынша директордың орынбасары Курбанов Я, Авиация колледжінің студенттері мен ауған ұлтының өкілі Попал Дурани,«Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің менеджері, «Жас қазақ» жастар ұйымының төрағасы-Алжан Шарипов және факультет басшылығы қатысты.

Шарада бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлт өкілдері өз халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін айта отырып,өздері өмір сүріп жатқан қазақ жеріне алғыстары шексіз екендігін білдірді.

Қ.Мырзаәлі мен Е.Хасанғалиевтің сөзіне жазылған "Атамекен" әнімен қазақ еліне алғыстарын білдірді.

Ары қарай оқу >>