Әуезов апталығы

20.09.2022

Көрулер: 961

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

 АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер мен студенттер!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастырумен 2022 жылдың 26-30 қыркүйек аралығында қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ғалым, академик М.О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған ӘУЕЗОВ АПТАЛЫҒЫ өтетінін хабарлайды. Осы апталық аясында төмендегідей іс-шаралар өткізіледі:

 

  1.  «М.О. Әуезов жүрген ізбенен» атты М.О. Әуезовтің мұражай үйіне экскурсия.

Күні: 26 қыркүйек 2022 ж.

Болатын уақыты: сағ.10.00-13.00 аралығында

Мекен-жайы: Алматы қ., Төлебаев көшесі, 185.

Міндеттері:        

-                     қазақ және әлем әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезов мұражайындағы экспонаттар, қолжазбаларымен, кітаптарымен, деректі материалдармен, жазушы қолданған заттар, мүліктер т.б. танысу;

-                     студенттерді классик жазушының өміріндегі қызықты әрі деректерті дүниелермен таныстыру;

-                     өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, өз елінің мәдениеті мен әдебиетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

 

  1.  Әуезовтану дәрістері

Күні: 27 қыркүйек 2022 ж.

Болатын уақыты: сағ. 11.00

Өтетін орны: Филология факультеті М.О. Әуезов атындағы 316-дәрісхана.

Дәріскерлер: ф.ғ.д., профессор Ж.Д. Дәдебаев, ф.ғ.д., профессор З-Ғ.Қ. Бисенғали, ф.ғ.д., профессор Ө. Әбдиманұлы.

Мақсаты:

-                     Әуезовтану саласындағы соны ғылыми-зерттеулермен танысу;

-                     студенттерді классик жазушы М.О. Әуезов шығармаларының әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінен алатын орны мен маңызы туралы мәліметтермен кеңірек танысу;

 

  1. М.О. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының мұражайына бару.

Күні: 28 қыркүйек 2022 ж.

Уақыты: сағ. 15.00

Мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 103 

М.О. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының қойылымдары мен театр ұжымымен студенттерді таныстыру.

Мақсаты:

- М.О. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының қойылымдары мен театр ұжымымен студенттерді таныстыру;

- М.О. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының тарихымен танысу, ғимаратқа саяхат.

 

  1. «Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.

Күні: 29 қыркүйек 2022 ж.

Уақыты: сағ. 10.00

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы кітапхана, №409 зал

Конференцияның мақсаты: Отандық және шетелдік ғалымдармен пікір алмасу арқылы қазақ әдебиетінің классигі М.О. Әуезов мұрасының қазіргі заманда алатын орны мен маңызын ашу.

Конференция қонақтары мен қатысушылары: көрнекті отандық және шетелдік әдебиеттанушылар, жазушылар, сыншылар

 

Конференция аясында 5 секция жұмыс істейді:

  1. Әлем әдебиеті контексіндегі М.О. Әуезов шығармашылығы;
  2. М.О. Әуезов және отандық әдебиеттану ғылымының даму бағыттары;
  3. М.О. Әуезов және абайтану;
  4. Қазақ әдебиетін зерттеу мен оқытудың жаңа парадигмалары;
  5. Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі қазақ әдебиеті.

 

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жоспарланған.

 

  1. «Әуезов оқулары» атты көркем сөз оқу конкурсы.

Күні: 30 қыркүйек 2022 ж.

Болатын уақыты: сағат 16.00

Өтетін орны: Филология факультеті М.О. Әуезов атындағы 316-дәрісхана.

Қатысатындар: Филология факультетінің 1-4 курс студенттерінен құрылған 5 команда.

Конкурс номинациялары:

  1. Әуезовтің шығармаларынан көркем сөз оқу (2-3 минут)
  2. Әуезов шығармашылығынан көрініс қою (5-7 минут)
  3. М. Әуезов шығармашылығынан викториналық сұрақтарға жауап беру (10-15 минут)

Номинациялар арасында концерттік номерлер қойылады.

Жеңген командалар 1-3 дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.

 

Апталықтың жабылуы:

-                     «ӘУЕЗОВ АПТАЛЫҒЫН» университет және факультет басшыларының қорытындылауы.

-                     «ӘУЕЗОВ АПТАЛЫҒЫ» барысында жеңімпаз атанған, белсенділік танытқан магистранттар мен студенттерді марапаттау.