Жаналықтар

Әуезов апталығы. М.О. Ауезов атындағы атындағы Қазақ ұлттық драма театрына бару

29.09.2022

28 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің студенттері Әуезов апталығының аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының мұражайына барды. Студенттер театрдың қалыптасуы мен дамуы тарихымен, негізгі қойылымдарымен танысты. 

Ары қарай оқу >>

Әуезов апталығы. М.О. Әуезовтың Үй-мұражайына бару

29.09.2022

"Әуезов апталығы" аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұжымы жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына125 жыл толуына орай студенттерді жазушы өмірінің соңғы он жылын өткізген Әуезов мұражай-үйіне экскурсияға апарды. Кафедра оқытушылары мен студенттерді мұражай қызметкерлері қарсы алды. Мұражай гиді Салтанат ханым балаларға М.О.Әуезовтің өз қолымен отырғызған бағын көрсетіп, жазушының жүз жылдығына арнайы ашылған жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме залын таныстырды. Көрме залынан шығып студенттер жазушының екі қабатты үйін аралады.  Студенттер жазушының өміріндегі қызықты әрі деректі дүниелермен танысып, М.О.Әуезов мұражай-үйіне жасаған экскурсиянан ерекше әсер алды.

Ары қарай оқу >>

«Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

17.09.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2022 жылдың 29 қыркуйегінде өтетін қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ғалым, академик М.О. Әуезовтің 125-жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов және әлем әдебиеті» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Ақтеңіз университетке іс-сапар

12.12.2022

2022 жылғы 14-21 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының бастамасымен университеттің 50 оқытушысы мен қызметкері Ақтениз университетіне (Анталья қ., Түркия) тағылымдамаға жіберілді.

Ары қарай оқу >>

Оқыту семинарлары мен курстары

10.10.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы мен Жамбыл Жабаев атындағы Филология зерттеу ғылыми орталығы барлық тілек білдірушілерді тұрақты жұмыс істейтін курстарға шақырады

Ары қарай оқу >>

Оқыту курсы

02.10.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы жалпы білім беретін мектептер, лицей, гимназия, колледж мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларына арналған өтетін республикалық әдістемелік курстарға шақырады.

Ары қарай оқу >>