"Жас қаламгер"

 

"Астана кітап" баспасының ұйымдастыруымен студенттерге "Жас қаламгер" атты балаларға арналған тұңғыш әңгіме байқауын өткізді. Байқау 15 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өтті.
Мақсаты: Жас жазушылардың шығармашылығын шыңдап, балалар әдебиетінің дамуына үлес қосу болды .Ұйымдастырылып отырған осы шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филология және әлем тілдері  факультетінің студенттері де қалам тербеп, өз бақтарын сынады. Байқаудың қорытындысы сараланып, жас қаламгерлер іріктеліп, жүлделі орындарға ие болды.Олардың  арасында факультет студенттері:
 
1-орын 
Әлиасқар Еркеайым Әлиасқарқызы
2-орын
Еділ Аяна Еркімбайқызы
Игілік Сабина
3-орын
Ерполат Қанат Берекетұлы
Орынгүл 
Касимова Гүлзара
Номинация: Сапарова Назым
 
жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Факультетіміздің мерейін өсіріп, жеңімпаз атанған студенттерді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз және болашақта шығармашылық табыс тілейміз!!!