ҚАЛАМГЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары А.Ахметова, Н.Досанова мен «Студенттердің ғылыми қоғамы» ұйымының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 19 желтоқсанында жас қаламгер Торғын Жолдасбекқызымен онлайн кездесу өтті. Шараға факультет оқытушылары мен студенттер және ұйым мүшелері қатысты.

Онлайн жүздесу барысында қазіргі заманғы мәдени кеңістіктегі көркем әдебиеттің дамуы, басты бағыт-бағдарлары мен қаламгер Торғын Жолдасбекқызының шығармашылық зертханасы жайында кеңірек айтылды. Жазушы жиынға қатысушылардың қазіргі уақыттағы кітап саудасы, Қазақстандағы жас авторлардың әдебиетті дамытудағы рөлі мен өзінің шығармашылығы туралы сауалдарына жан-жақты жауап берді. Жас қаламгер студенттік кездегі қызықты оқиғаларын айтып, қонақтарға жарқын көңіл-күй сыйлады.

 

.