Ақын Темірғали Көпбаевпен онлайн кездесу

 

Желтоқсанның екінші жұлдызындаMicrosoft Teams платформасында Халықаралық «Алаш» әдебисыйлығының лауреаты, ақын, баспагер, журналист @Темірғали Көпбаймен «Аққұмда оянған арман» атты шығармашылық әдеби жүздесу өтті. Жүздесуді "Әдеби жүздесулер" клубының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент С.Ә.Қалқабаева , "Әдеби жүздесулер" клубының мүшесі, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясының доценті, ф.ғ.д. Г.Ж.Болатова ұйымдастырды. Жүздесуді ф.ғ.д., доцент А.Мауленов жүргізді.

Кездесуде ақынның қаламының сиясы кеппеген жаңа өлеңдері де, әдебиеттің көкжиегінд еөзіндік таңбасынқалдырыпүлгергентанымалөлеңдері де оқылды. Қазақтың қара өлеңінің құдіретіне қанық болу үшінқ ашықтықтың да кедергі болмайтынын осы жүздесу айқындап берді. Жүздесудежетіқырлы, бір сырлы ақынның журналистік-публицистикалық қызметі, әдеби-шығармашылыққызметі, ғылыми-педагогикалық қызметі, баспагерлік қызметі жан-жақты айтылды.

"Жақсының жақсылығын айт" демекші, қаламынан қанаттанған шығармалары мен жеткен жетістігі де, мерейлі марапаттары да тілге тиек етілді. Карантиндік кезеңде өлең сөзге шөлдеген өскелең ұрпақтың құлақ құрышын қандырып, ақынның өлеңдері де оқылды. Оқырманның көкейінде жүрген сұрақтары да қойылды. Студенттермен сұхбат барысында ақын өмірінің әркезеңіне тоқталып, шығармашылық лабораториясында өткен қызықты оқиғаларымен бөлісті, қазақ әдебиетіндег іәйгілі ақын-жазушылармен өткен кезеңдерін де есіне алып, АҚШ сапарында сағындырған сардаласын да атап өтті. Баспагерлік жолдың бағытымен бөлісіп, болашаққа жоспарларын да айтып өтті.

Әдепкі сценарийдің сұлбасымен емес, еркін форматта өткізілген жүздесу алдына қойған мақсатына жетті деп есептейміз. Қаламы қарымды ақынның ҚазҰУ қабырғасында жүргеніне де биыл 30 жылдан асып жатыр екен. Қарашаңырақтың қасиетін жырларына жинай білген Темірғали Көпбай туындыларының тәуелсіздік жастарына берері мол деп есептейміз. Қазіргі елдегі қиын жағдайға қарамастан әдеби жүздесудің қонағы болған Темірғали Көпбай мырзаға алғысымызды айта отыра, келесі әдеби жүздесу қарашаңыраққа бырғасында өтердеген сенімдеміз.

 www.kaznu.kz