«Хакім Абайдың адамгершілік ілімі» тақырыбындағы онлай-дәріс

 

 

Сәуір айының бесінші жұлдызында «Қазақ филологиясы» мамандығының магистранттары абайтанушы ғалым, ф.ғ.к. Мақсат Әліпханның «Хакім Абайдың адамгершілік ілімі» тақырыбындағы онлай-дәрісін тыңдады. Дәріскер Абайдағы «толық адам» ұғымының мәнін талдап түсіндірді. Абайдың «толық адам» ілімінің қайнар көзі Аристотель, әл-Фараби ойларынан бастау алатынын мысалдармен дәлелдеп көрсетті. Дәріс мазмұнын мынадай схемамен танытуға болады: Толық адам + Жәуанмәртлік + Имани гүл = Абайдың адамгершілік ілімі. Абайдың адамгершілік іліміне сусындаған магистранттар дәріскер-қонағымыз бен оны ұйымдастырған доцент С.Қалқабаеваға разылығын білдірді.