START-UP!

 

 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ «КЕЛ ОЙНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» ЖӘНЕ «АЛШЫ! (ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР)»АТТЫ START-UP-тарПРЕЗЕНТАЦИЯСЫНЫҢ

ПРЕСС РЕЛИЗІ

 

Сізді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2019 жылдың 11 сәуірінде өтетін «Кел ойнайық, ойлайық!» және және «Алшы! (Ұлттық ойындар)» атты start-up-тардың презентациясына қатысуға шақырады. 

Презентация мақсаты: «Кел ойнайық, ойлайық» және және «Алшы! (Ұлттық ойындар)» start-up-тардың жобаларының практикалық мәнін ашу, оны қолдану салалары мен іске асыру жолдарын көрсете отырып, өндіріске енгізу тәсілдерін айқындау; start-up-тарды жүзеге асыру мақсатында тұрақты инвесторлардың назарын аудару.

Start-up авторлары:

1) «Кел ойнайық, ойлайық»  Айбек Шегебаев«6D021400  Әдебиеттану» мамандығының 2-курс PhD докторанты,
2) және және «Алшы! (Ұлттық ойындар)»  БалжанҚаратаева, Камила Еламанова«5В020500 – Филология» мамандығының 2 курс студенттері (ғылыми жетекшісі – доцент С. Дәрібаев) 

 

Презентация қонақтары:

Әмірхан Темірбаев – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ғылыми-технологиялық парк директоры.

Қуанышбек Ерниязов – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі.

Амалбек Өміртай – «New Urban Geography» ЖШС директоры. 

Асқар Әмірбек – «Көпен келе жатыр» event agency директоры

 

Презентация қатысушылары: 

жеке кәсіпкерлер, мектеп, мектепке дейінгі және білім беру мекемелерінің, балалар үйлерінің, баспалардың директорлары, БАҚ өкілдері, мектеп және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ойыншықтар мен оқыту құралдарын өндіретін кәсіпорындар өкілдері.

 

«Кел ойнайық, ойлайық» және «Алшы! (Ұлттық ойындар)» start-up-тар презентациясының шеңберінде «Нөлден басталған бизнес немесе әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында start-up жобаларды ұйымдастыру» атты шеберлік-класс өткізіледі.

 

Start-up презентациясының өткізілетін орны мен уақыты:

Алматы қ., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті, № 312-ауд., 11 сәуір, 2019 жыл, сағат 15.00.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыздар: Тел: +7 (727) 377 33 37 (1221, 1330), e-mail: aibek.shegebaev@gmail.com kazlit19@gmail.com