ЖАЗУ МӘНЕРІ: ФИЛОСОФИЯ, ӨНЕР, ТЕХНОЛОГИЯ

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы Айнұр Ахметованың ұйымдастыруымен 2020 жылдың 14-қарашасында «Әдебиет теориясы» пәні аясында тәуелсіз «Тарлан», «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жазушы, философ және кинодраматург Дидар Амантай «5B020500 – Филология» мамандығының 3 курс студенттеріне онлайн дәріс оқыды. «Zoom» бағдарламасында өткен виртуалды шараға кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер және қызығушылық танытқан оқырмандар қатысты.

Жүздесу барысында философ әрі жазушы Д.Амантай әлем және қазақ әдебиетіндегі модернист қаламгерлер шығармашылығындағы көркемдік әдіс-тәсілдері, модернизм бағытының басты тенденциялары мен бағыт-бағдарларын кеңірек талдап, оның басқа бағыттардан айырмашылығын баса түсіндірді. Модернизм бағытының қалыптасу, даму жолындағы әлемдік құбылыстар мен факторлардың маңызына сыни тұрғыда баға берді. Сондай-ақ, жиынға қатысқан оқытушылар мен студенттер дәріскерге түрлі сауалдар беріп, өзара пікір алысты.