Жаңалықтар

 

Жазушылармен кездесу

 

2018 жылы 4 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет Ғылыми кітапхананың 4 қабаты Үлкен залында «Қазақ әдебиетіне 80 жыл» байланыты конференция өтті. Конференцияға белгілі жазушылар мен әдебиетші-ғалымдар қатысты.

 

«Б.Кенжебаев және қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің ғылыми-әдіснамалық мәселелері»атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы 2014 жылдың 30 қазан күні белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаевтың 110 жылдығына арналған.

 


«Б.Кенжебаев және қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің ғылыми-әдіснамалық мәселелері»
атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Конференцияда ғалымның шығармашылығы мен ғылыми зерттеулерінің басты бағыттарына қатысты қазақ әдебиеті мен руханиятының өзекті мәселелері, оны жоғары мектепте оқытудың әдістемелік мәселелері қаралды.

 

Конференцияға әдебиеттанушы ғалымдар, жоғары мектептің оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысты.

Конференция аясындауниверситет ректоры Ғ. Мұтановтың бастауыменБ.Кенжебаев атындағы аудитория ашылып, Республикалық басылым бойынша «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген Б.Кенжебаевқа арналған 25 басылымының тұсау кесері өтті.

 

 

Құрметті оқытушылар, PhD-докторанттар, магистранттар, студенттер!

 

2013 жылғы 25 наурыз – 16 мамыр аралығында сағат 9.25-тен – 13.20-ға дейін филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде (323 ауд.) Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры (Ресей) Сергей Акимович Кибальник «Интертекстуалдық компаративистика және әдеби мәтінге түсінік беру» тақырыбы бойынша дәріс оқиды.