Ақтеңіз университетке іс-сапар

12.12.2022

Көрулер: 835

2022 жылғы 14-21 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының бастамасымен университеттің 50 оқытушысы мен қызметкері Ақтениз университетіне (Анталья қ., Түркия) тағылымдамаға жіберілді. Олардың қатарында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Ержан Карбозұлы Карбозов бар. Сапар аясында олар компьютерлік және коммуникативтік технологиялар саласында біліктілігін арттырады, Түркияның білім беру жүйесімен танысады. Түркияға сапары барысында ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлері үшін Анталья қаласы бойынша экскурсия өткізіледі. Тағылымдама аяқталғаннан кейін сертификаттар табыс етіледі.