Оқыту курсы

02.10.2022

Көрулер: 801

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы сізді ЖОО оқытушыларына, мектеп, лицей, гимназия, колледж мұғалімдеріне арналған Республикалық әдістемелік курстарға шақырады.

Курстың ұзақтығы - 72 сағат.

Курстың соңында сертификат беріледі.

1-курстың тақырыбы: Заманауи ақпараттық және педагогикалық технологиялар

2-курстың тақырыбы: Филологиялық пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары

Курстардың мақсаты - жоғары және орта оқу орындарының оқу процесінде инновациялық және компьютерлік технологиялардың қолданылуын нақты мысалдармен көрсету.

Курстар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Курсты өткізу мерзімі: 2022 жылғы 3-16 қазан