ҮЗДІКСІЗ ДАМУДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БИЛІК, АДАМДАР ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕР

«ҮЗДІКСІЗ ДАМУДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БИЛІК, АДАМДАР ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕР»

ESCAS - 2023 аймақтық конференциясы

 

2023 жылы 21-24 қыркүйек, Алматы, Қазақстан

 

Еуропалық Орталық Азия зерттеулері қоғамы (ESCAS) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ынтымақтастықта «ҮЗДІКСІЗ ДАМУДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БИЛІК, АДАМДАР ЖӘНЕ МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕР» атты ESCAS - 2023 аймақтық конференциясы өтетінін хабарлаймыз!

Күні: [22-23 қыркүйек]

Өтетін орны: [Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кітапханасы]

Конференцияның мақсаты: Орталық Азиядағы билік, адамдар және мәдени өзгерістерді талдау және олардың Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілеген тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі қазіргі заманғы сын-қатерлер мен проблемаларды талқылау және талдау болып табылады. Конференция жұмысына Орталық Азия зерттеулері саласында жұмыс істейтін ғалымдар, сарапшылар және студенттер қатысады. Конференцияны кеңінен қамту, әсіресе, интеграциялық серіктестікті нығайту мен пәнаралық ынтымақтастық үшін қолайлы.

Орталық Азияның ауқымды аймағы тақырып ретінде қатысушыларды экономика, мәдениет және тұрақты даму мәселелерін аталған өңірлердің өзгермелі рөлі тұрғысынан қарауға итермелейді.

 

Конференция аясында саяси басқару, әлеуметтік даму, мәдени әртүрлілік, экономикалық және экологиялық тұрақтылық сияқты түрлі тақырыптар талқыланады. Қатысушылар өздерінің ғылыми баяндамаларын, зерттеулерін және осы мәселелерге байланысты практикалық мысалдарын, сондай-ақ, олардың ТДМ-мен байланысын ұсынады.

 

Конференция аясында Орталық Азиядағы билікпен, адамдармен және мәдени өзгерістерге байланысты идеялар мен тәжірибелерді белсенді пікір алмасуға мүмкіндік беретін пленарлық сессиялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіледі.

Басылым күні :  21.09.2023