Жаңалықтар

Бізбен бірге жарқын болашақ!

01.10.2023

ЖОҒАРЫ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНА 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жалпы саны 367 тыңдаушы кабылданды. Олардың ішінде алыс-жақын шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкілдері -290, 47 шетелдік тыңдаушы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Жоғары білім министрлігі арасындағы Жоғары білім мен ғылым саласындағы өзара түсіністік туралы 2017 жылғы 17 тамыздағы Меморандум шеңберінде - 30 тыңдаушы қабылданды. 

Ары қарай оқу >>

Әлем музейлері - әлем кереметті

18.05.2023

18-ші мамыр Халықаралық мұражайлар күніне орай «Әлем музейлері - әлем кереметті» атты ұйымдастырылып отырған іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары қатысты.
Бүгінгі шараның ерекшелігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті құрылғанға дейін бүгінге дейін әлемнің 100-ден астам елінен келген 7000-нан аса шетелдіктер білім алуда. Тіл үйреніп, білімін шыңдаған факультет түлектері қазіргі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде өз мемлекеттерінде, халықаралық ұйымдарда, елшіліктерде, білім және ғылым саласында жемісті қызмет етуде.
Шараның мақсатты:
1. Көрермендердің мұражайларға деген қызығушылығын арттыру, насихаттау.
2. Еліміздің белді оқу орнының терең тарихы мен ғылыми, рухани құндылықтары мен мәдени дәстүрлерімен таныстыру. 3.Мұржайдағы тартымды экспозициялары мен құнды жәдігерлерін дәріптеу.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық білім беру корпорациясы - ҚазБСҚА мен ҚАУ білім ордалары

18.05.2023

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары Халықаралық білім беру корпорациясы - ҚазБСҚА мен ҚАУ білім ордаларының мамандықтары, шығармашылық емтихан тапсыру туралы және дайындық курстары жөнінде мәлімет алып қайтты

Ары қарай оқу >>

Асфендияров атындағы медицина университетінің анатомия кафедрасы

18.05.2023

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА биология тобында оқитын тыңдаушылар Асфендияров атындағы медицина университетінің анатомия кафедрасына саяхат жасауда және мұражайында болып көптеген мәліметтер алды.

Ары қарай оқу >>

Кезекті сынақ тесті

10.05.2023

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНА шетелден келген қазақ диаспорасы (қандас) тыңдаушылар кезекті сынақ (тест) тапсырды.
ҰБТ-ның уақытты таяған сайын тыңдаушыларға қойылар талап пен міндет күшеюде. Осы күнге дейін ҰБТ тесттерін кітапшамен орындаған болса, бүгінгі күні компьютердің алдында отырып машықтауды бастады. Мақсат тыңдаушы үшін жиі сынақ тапсыру ҰБТ-ға дайындыққа психологиялық тұрғыдан дайын болуға және білім көрсеткішін көтеруге, желтілдіруге, тәжірбие жинауға жаттықтырады.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-дың академиялық саясаты

10.05.2023

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 15-топ тыңдаушыларымен "ҚазҰУ-дың академиялық саясаты" атты тақырыбы аясында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында университеттің қысқаша тарихымен таныстырып, академиялық саясат қағидаларымен және ҚазҰУ-дың болашақ студенттері ретінде Болон үдерісі, кредиттік оқыту технологиясы, құжаттарды қабылдау және жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларына білім алушыларды қабылдау (бакалавриат) тақырыптары аясында ой қозғалып, пікір алмасып, жалпы университеттің ішкі және сыртқы саясаты жайында тақырыптар талқыланып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Болашақ жастар өз ойларын ортаға салып, алға қойған мақсаттарын нақты қойып, өздерінің болашағын жүйелі түрде жоспарлауға мүмкіндік алды деген ойдамыз.

Ары қарай оқу >>

"Көлсай" көліне саяхат

01.05.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА дүниенің түпкірінен келіп оқып жатқан өзге ұлт өкілдерінен келген тыңдаушылары «ӨЛКЕТАНУ» клубының ұйымдастыруымен Алматы қаласының көрікті жерлерінің бірі, өзіндік тарихы бар «Көлсай» көлінде Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін тойлауда.

Ары қарай оқу >>

Салтанат Зілиқа - "Farabi arui" конкурсының финалисті

28.04.2023

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Салтанат Зілиқа "Farabi arui 2023" байқауына қатысып, бағын сынап көрді. Көрікті қызымыз конкурс барысында өте жақсы өнер көрсетіп, үхдіктердің бірі болды. Зілиқа сұлулық байқауда "Қылықты ару" номинациясын жеңіп алды және "Mulan" сән үйімен 2 жылға келісімшарт сертификатын ұтып алды. Кафедрамыздың оқытушылары мен тыңдаушылары Зілиқаны қолдауға барды.

Ары қарай оқу >>