«Жауқазын» мәдени-шығармашылық гүл өсіру үйірмесі

Құрылған мерзімі:  қыркүйек  2014 жыл

Үйірме туралы қысқаша мәлімет: «Жауқазын» үйірмесі 2014 жылы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында   тыңдаушылардың отансүйгіштікке баулу, отанының табиғатын аялауға шақыру, еліміздегі экологиялық мәселелердің шешілуіне атсалысу, жасыл желекпен көмкеруге өзіндік үлесін қосуға ұмытылдыру, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында құрылды.

«ЖАУҚАЗЫН» атты үйірмесі (бұдан әрі қарай «үйірме») – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының  жанында ерікті негізде құрылған. 

  •  Үйірме өзге үйірме-клубтармен өзара тиімді мәдени және іскери қарым-қатынас аясында байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істей алады.
  • Үйірме жұмысы мүшелердің еріктілігі мен тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық пен жариялылық негізінде жүргізіледі.
  • Үйірме  алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асыру жолдарын өзі межелейді.

Үйірме мүшелері: факультет тыңдаушылары.

Үйірменің мақсаты: тыңдаушыларға экологиялық-танымдық тәлім-тәрбие беру, экологиялық мәселелердің маңызын түсіндіру, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге баулу. 

Үйірменің міндеттері:

  • экология сөзінің этимологиясына түсінік беру,
  • экология ілімі мен ғылымының, экологиялық мәселелердің қалыптасуы мен оны шешудің жолдары туралы мәлімет беру,
  • тыңдаушыларға ұлттық құндылықтар мен экология, экологияның өзекті мәселелері туралы мағлұмат беру;
  • тыңдаушылардың экологиялық танымын дамыту;
  • ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.