ҚазҰУ-дың академиялық саясаты

10.05.2023

Көрулер: 560

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 15-топ тыңдаушыларымен "ҚазҰУ-дың академиялық саясаты" атты тақырыбы аясында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында университеттің қысқаша тарихымен таныстырып, академиялық саясат қағидаларымен және ҚазҰУ-дың болашақ студенттері ретінде Болон үдерісі, кредиттік оқыту технологиясы, құжаттарды қабылдау және жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларына білім алушыларды қабылдау (бакалавриат) тақырыптары аясында ой қозғалып, пікір алмасып, жалпы университеттің ішкі және сыртқы саясаты жайында тақырыптар талқыланып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Болашақ жастар өз ойларын ортаға салып, алға қойған мақсаттарын нақты қойып, өздерінің болашағын жүйелі түрде жоспарлауға мүмкіндік алды деген ойдамыз.