Бізбен бірге жарқын болашақ!

01.10.2023

Көрулер: 318

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОҒАРЫ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНА 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жалпы саны 367 тыңдаушы кабылданды. Олардың ішінде алыс-жақын шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкілдері -290, 47 шетелдік тыңдаушы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Жоғары білім министрлігі арасындағы Жоғары білім мен ғылым саласындағы өзара түсіністік туралы 2017 жылғы 17 тамыздағы Меморандум шеңберінде - 30 тыңдаушы қабылданды. 367 тыңдаушының ішінде Қытай Халық Республикасынан, Моңғолия Халық Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан, Түркіменстаннан, Иеменнен, Сьерре-Леоннан, Ираннан, Кениядан, Индонезиядан, Ауғанстаннан, Нигериядан, Пакистаннан, Суданнан, Тунистен, Бангладеш Халық Республикасынан, Кения Республикасынан қабылданған тыңдаушылар бар. Мемлекеттік білім беру тапсырысынан бөлек ақылы топқа 276 тыңдаушы қабылданды.
Сұхбаттасу нәтижесі бойынша іріктеуден өтіп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОҒАРЫ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНА оқуға қабылданған тыңдаушыларды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!