"Қазақ киносы" мәдени-танымдық клубы

Құрылған мерзімі: қыркүйек 2014 жыл

Үйірме туралы қысқаша мәлімет: «Қазақ киносы» атты үйірме 2014 жылы ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында   студенттердің патриоттық сезімін ояту, ұлттық киномызды насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында құрылды. «Қазақ киносы»атты үйірмесі (бұдан әрі қарай «үйірме») – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының жанында ерікті негізде құрылған.

  • Үйірме өзге үйірме-клубтармен өзара тиімді мәдени және іскери қарым-қатынас аясында байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істей алады.
  • Үйірме жұмысы мүшелердің еріктілігі мен тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық пен жариялылық негізінде жүргізіледі.
  • Үйірме алдына қойған мақсат, міндеттерін жүзеге асыру жолдарын өзі межелейді.

Үйірме мүшелері: факультет тыңдаушылары.

Үйірменің мақсаты: кино өнерінің тарихы туралы мәлімет беру, киноның тәлім – тәрбиесін, маңызын түсіндіру, ой-өрістерін дамыту, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, отандық киноға деген көзқарастарын байқап, оған деген сүйіспеншілікке баулу.

Үйірменің міндеттері:

-тыңдаушыларға кино өнері тарихынан мағлұмат беру;

- тыңдаушылардың ой-өрісін дамыту;

- ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру;

- қазақ киносын насихаттау.

І. Жалпы ережелер

 

1.2.Үйірме – бірге жұмыс жасауға, бірге үйренуге жиналатын, бірдей қызығушылықтары бар тұлғалардан тұратын топ.

1.3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үйірмелері – бұл студенттердің қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, тілдік, спорт және ғылыми-кәсіби қызығушылықтарын арттыруға бағытталған ерікті қоғамдық ұйым.

1.4. «Қазақ киносы» аттыүйірме осы Ережені басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.

1.5. «Қазақ киносы» атты үйірме кафедра деңгейінде ұйымдастырылды.

 

ІІ. Мақсаттары мен міндеттері

2.1 Үйірменің негізгі мақсаттары:

- жеке тұлғаның гармониялық қалыптасуына әсер ету;

- тыңдаушылардың бос уақытын тиімді өткізу;

- тыңдаушыларды жан-жақты ойлауға дағдыландыру;

2.2. Үйірменің міндеттері:

- үйірменің факультет деканымен бекітілген ережесі болуы;

- үйірменің кафедра меңгерушісімен бекітілген жоспар жасалуы;

- үйірме жетекшісі кафедрада жұмыс істейтін оқытушы болуы;

- үйірме жетекшілері үйірме мүшелері – тыңдаушылармен - тығыз байланыста жұмыс жасап, іс-шаралар ұйымдастыруы міндетті.

 

ІІІ. Құқықтары

Қатысушылар:

-         үйірмеге факультеттің кез келген тыңдаушысы қатысуға;

-         университеттің, факультеттің, кафедраның ұйымдастыру жұмыстарының жақсаруына бағытталған ұсыныстар жасауға.