Жаңалықтар

Тыңдаушылар тың жоба ұсынды

20.04.2023

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың ҚазҰУ-да өткен «Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференция барысында «Жаратылыстану секциясы – қоғамдық ғылымның әлеуметтік прогресті дамытудағы рөлі» деген тақырыпта дайындаған жұмыстары тыңдалды. Конференцияға шетелдік тыңдаушылардан бөлек, еліміздің басқа университеттерінің студенттері де өз жұмысын ұсынды.

Ары қарай оқу >>

"Апат айтып келмейді" - қалалық сейсмикалық жаттығу

20.04.2023

Бүгін Алматыда жоспарлы жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өтті. Бұл шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жоғары оқу орнына білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ ОПҚ мен тыңдаушылар белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Жас шебер стартабының" тағы бір жетістігі

20.04.2023

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ "Жас шебер" стартабының жетекшісі М.Н.Ибрагимова және стартап мүшесі Серікбол Арайлым әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Креативті индустрия орталығында" кездесуде болып, стартап аясында жасалатын қолөнер бұйымдарымен таныстырды. "Креативті индустрия орталығының" басшылығы тарапынан қолдау тауып, қолөнер бұйымдар жасайтын арнайы орын қарастырылып, кәсіпке қолдау көрсетілетін болды.

Ары қарай оқу >>

Менің болашақ мамандығым

19.04.2023

Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – жастардың дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы оларды жастай өз қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы бағыттай білу.Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Осы орайда ЖОО- ға дейінгі дайындық кафедрасының ауған тыңдаушылары 19 сәуір күні ҚазҰУ- дың Экономика және бизнес факультеті мен Ақпараттық технологиялар факультетіне барып, танысты. Шетелдік тыңдаушылар мамандықтар туралы толық мәлімет алып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Болашақ студенттерге сәттілік тілейміз!Ауған топтарының кураторлары.

Ары қарай оқу >>

Тарих ғылымы және тарихи тұлғалар: жаһандану тенденциялары

17.04.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен 2023 жылдың 24-ші сәуірінде "Тарих ғылымы және тарихи тұлғалар: жаһандану тенденциялары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференцияның мақсаты: әлемдік тұрақты даму концепциясы аясындағы отандық тарих ғылымының орнын анықтау.

Ары қарай оқу >>

"Рамазан-айлардың ең қайырымдысы"

14.04.2023

«Рамазан-айлардың ең қайырымдысы»
Рамазан айы адамгершілік пен игі істердің жақсылық пен қайырымдылықтың бастауы екенін белгілі. Бүгін жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің басшылығы, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі С.А.Сартаев пен «Ариана» ауған орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмуд Ильястың қолдауымен ауған топтары кураторларының ұйымдастырумен ауызашар ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

"Туризм" кафедрасымен танысу

13.04.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 15-топ тыңдаушылары «Мен таңдаған мамандық» апталығы аясында өздері таңдағысы келген «Туризм» кафедрасымен танысып, «Рекреациялық география және туризм кафедрасының» аға оқытушысы PhD докторы Орынбасарова Гүлнар Орынбасарқызымен қысқаша сұхбаттасып қайтты. Қосымша мәліметтер берілді. Саяхат барысында «БИОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ», ҚАЗҰУ МҰРАЖАЙЫНДА болып, университеттің құрылғаннан бастап қазіргі таңға дейінгі қысқаша тарихымен танысты.

Ары қарай оқу >>

Ботаникалық баққа саяхат

11.04.2023

Өлкентану клуб жетекшілерінің ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары БОТАНИКАЛЫҚ баққа мәдени-танымдық саяхат жасады. Тыңдаушылар «Жапон бағы», «Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер оранжереясы», «Солтүстік және оңтүстік Американың дендрологиясы» атты ботаникалық бақтың негізгі экспозицияларымен танысып, Алматының кешкі әсем көрінісін тамашалады.

Ары қарай оқу >>

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

10.04.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұйымдастыруымен ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясынан «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» оза шауып, озық шыққан үздік үштікті ғылыми жұмысын университеттен арнайы бөлінген сыйақымен марапатталды.

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ(Тарих секциясы бойынша) Шетеледіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының студенті Масато Кубо (Кобе қ, Жапония) Традиционные виды спорта Японии и Казахстана, ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Курманова Т.В.

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ (Тарих секциясы бойынша) ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Ақгүл Хайрол (Моңғолия) ғылыми жетекшісі, аға оқытушы Нусупбаева С.А.

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ (Жаратылыстану секциясы бойынша) ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушысы Балғынбек Дина (ҚХР) ғылыми жекешісі: PhD доктор аға оқытушы Амангелді Н.

Ары қарай оқу >>