Жаңалықтар

«FARABI MADE US FRIENDS» атты форум

27.04.2023

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «FARABI MADE US FRIENDS» атты шетелдік студенттердің форумы өтті. Аталмыш форумға ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ОПҚ, топ кураторлары мен дүниенің түпкі-түпкірінен Иран, ҚХР, Моңғолия, Сауд Арабиясы, Ресей, Өзбекстан келген шетелдік тыңдаушылары қатысты.

Ары қарай оқу >>

"Халық аспаптар бөлімінің" мерейтойы

27.04.2023

Дәстүр сабақтастығын сақтаған ұлттық өнердің ізін қалаушы киелі білім, өнер ордасы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның 55 жылдық тарихы бар «Халық аспаптар бөлімінің»мерейтойына орай ұйымдастырылған мерекелік концертіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 17-топ тыңдаушылары мен кураторлар ЖҚ. Дауытова және Г.М. Мужиговалар рухани азық алып, рухани демалып қайтты.
Аталмыш қара шаңырақта ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ халық аспаптар оркестрін ұйымдастырушысы және алғашқы дирижері болған – академик, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Қуанұлы Жұбановтың есімі тарихта алтын әріппен жазылды.

Ары қарай оқу >>

Өнерлі жастарымыз кастингтен өтті

27.04.2023

Қазақтың рухани-мәдени байлығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған талантты студент жастар арасында кастинг өтті. Кастингтен жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары Дәутхан Саяхат, Хумарбек Марғұлан, Думан Зинат өтті. Өнерлі тыңдаушыларымызға сәттілік тілейміз!

Ары қарай оқу >>

"Тарих ғылымы және тарихи тұлғалар: жаһандану тенденциялары" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

26.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттың университеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫ 2023 жылдың 26 сәуірінде №4 оқу ғимаратының 123 дәрісханасында «Тарих ғылымы және тарихи тұлғалар: жаһандану тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аралас: офлайн және онлайн форматта, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты: әлемдік тұрақты даму концепциясы аясындағы отандық тарих ғылымының орнын анықтау.

Ары қарай оқу >>

Жастарға жылдам психологиялық кеңес беретін жоба өткізілді

25.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы университеттерінің психологтары бірігіп, Express Psycho атты коллаборация ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – студенттердің психологке жүгіну мәдениетін қалыптастыру.

Шараға қатысқан психологтер «МАК карта», «Құм терапия», «Нейрографика», «Экзистенциалды анализ және логотерапия» т.б. техникаларды қолдана отырып, қатысушылардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Нәтижесінде жастар психолог қандай мәселе бойынша көмек көрсете алатыны туралы толыққанды мәлімет алды.

 

Ары қарай оқу >>

Кәсіби бағдар беру - Спорт және туризм академиясы

23.04.2023

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Менің болашақ мамандығым» атты кәсіби бағдар беру апталығының аясында ұйымдастырылған шараға шығармашылық мамадығын таңдаған 1,2,8 топ тыңдаушылары және топ кураторлары: Г.М. Мужигова, С.А.Нусупбаева Қазақ спорт және туризм академиясының Олимпиадалық спорт факультетінің деканы Рахмет Төлембайұлы Саутов мырзамен кәсіби бағдар жұмыстары бойынша кездесуге барды. Тыңдаушылардың ҰБТ нәтижесін алып шығармашылық емтихандарға өтініш қабылдау мерзімі, емтихан беру мерзімі, емтиханды беруде қандай талаптар қойылады сынды сауалдарына жауап алып қайтты. Сонымен қатар факультеттер мен мамандықтардың бағыттарымен танысты. Мәселен спроттың кез-келген түрін таңдасаңыз оқу бітіргенде «Дене шынықтыру пәнінің мұғалім» және «Жаттықтырушы» мамандығын алып шығу болатын айтылды.
Сондай-ақ емтихандардың өткізу ережесі, норматив, ЖДФ бойынша БШЕ бағдарламасы бойынша, Шетел азаматты ұлтты қазақ яғни қандастарға қарастврылған жеңілдіктер жайында біршама ақпарат берді.

Ары қарай оқу >>

Кәсіби бағдар беру - Абай атындағы ҚазҰПУ

22.04.2023

Мамандық таңдау —  өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.Ең қиын мамандық – адам болып қалу, - деп Хосе Хулиан Марти айтқандай бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың ЖОО дейінгі білім беру факультеті,  ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 7-топ тыңдаушылары "Менің болашақ мамандығым " атты кәсіби бағдар беру апталығы аясында Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті мен Қыздар педагогикалық университетіне барып танысты. Мамандық таңдау – адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі, өйткені бүкіл болашақ өмір осыған байланысты. Келешекте өкінбеу үшін, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Барлық мамандықтар өте маңызды, кейбіреулері математикалық қабілеттілікті, басқалары шығармашылықты, ал үшіншілері физикалық дайындықты қажет етеді. Жақсы немесе жаман мамандықтар жоқ, сізге ұнайтын немесе ұнамайтындары ғана бар. Атақты ғұлама Әл – Фараби:Ісім оңсын десеңіз,Сол істің маманы болыңыз.Даңқым шықсын десеңіз,Көпшіліктің адамы болыңыз- демекші әр маманның адал қызметшісі болайық.

Ары қарай оқу >>

Кәсіби бағдар беру - "Ақпараттық технологиялар" факультеті

21.04.2023

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары кәсіби бағдар беру бойынша бірқатар мамандықтар бойынша, грантқа түсу үшін шекті балладар туралы кеңес алды. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы техникалармен жабдықтарған "Ақпараттық технологиялар" факультетінің зертханаларымен танысты.
Кураторлар: Буланова Т.М., Даутова Ж.К., Қасымова К.А.

Ары қарай оқу >>

Кәсіби бағдар беру - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

21.04.2023

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Менің болашақ мамандығым» атты кәсіби бағдар беру апталығының аясында ұйымдастырылған шараға шығармашылық мамадығын таңдаған топ тыңдаушыларын ҚР МСМ МК Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына таныстуға алып барып, іріктеу комиссиясы, шығармашылық емтихандарға өтініш қабылдау мерзімі, емтихан беру мерзімі, сынды тыңдаушылардың көккейінде жүрген сауалдарына жауап алып қайтты. Сонымен қатар факультеттер мен мамандықтардың бағыттарымен танысты. Мәселен дизайн мамандығы бойынша (сәулеттік дизайн, графикалық дизайн, ландшафтық дизайн) 1-ші емтиханға сурет және кескіндемеден, 2-ші емтиханда композициядан емтихан тапсырады.
Ұйымдастырушы топ кураторлар: Мужигова Г.М., Нусупбаева С.А., Касымова К.А.

Ары қарай оқу >>

Журналист болғым келеді

21.04.2023

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында шығармашылық топтарға дәріс беріп келе жатқаныма ширек ғасырдың шамасы болып қалды. Бұл топқа кіл тілге жүйрік, ақындық қабілеті бар талантты, болашақ журналистер мен әдебиетшілер жиналады. Университеттегі түрлі өнер додалары мен білім сайыстарына да белсене қатысып, өздеріңің қабілеттерін шыңдайды. Биылғы түлектер де алғыр, талапты, белсенді жастар болды. Мамандық таңдауға арналған эсселерін оқып, Атажұртқа арманын арқалап келген әрбір шәкірттің жүрегінің түкпіріндегі мөлдір сырларын түсіндім. Бала қиялындағы журналист болсам деген армандарына жетуге аз уақыт қалды, жыл бойы жасаған дайындықтары мен талаптары оларды нәтижеге жеткізсе деп тілейміз! Журналистика факультетіне барғанда өздеріне бәсекелестердің осал болмайтынын байқаған болатын, сол үшін түрлі сынақтарға қатысып, биіктерден көрінген тыңдаушыларымыз аз емес.

Ары қарай оқу >>