Талапкерлерге

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ШАҚЫРАДЫ!

Егер сіз Кешенді тестілеуде жоғары балл жинап, Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі оқу орнының студенті атанғыңыз келсе, онда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне келіңіз.

Оқу мерзімі – 9 ай (қазан-маусым) Дәрістер қазан айынан басталады.

Оқытылатын пәндер: Математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, қазақ тілі/әдебиеті, орыс тілі/әдебиеті, математика, физика, химия, биология, дүниежүзі тарихы, география, ағылшын тілі.

Тыңдаушылар жатақханамен және шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Тыңдаушыларға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Кітапханасы сапалы қызмет көрсетуге даяр. Тыңдаушылар үшін «Керемет» денсаулық сақтау орталығы жұмыс істейді. Оқу барысында тыңдаушылардың даярлық деңгейін анықтау мақсатында байқау тестері өткізіледі. Оқу екі семестрден (күзгі және көктемгі) тұрады.

Оқу сабақтарын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәжірбиелі ұстаздары жүргізеді.

Оқу мерзімі: 01.10.2022 – 30.06.2023.

Оқу жүйесі екі бағытта: Мемлекеттік грант және ақылы түрде жүргізіледі.

Ақылы бөлімнің оқу ақысы – 350 000 теңге.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.08.2022 - 10.09.2022 

Қосымша ақпараттарды келесі мекенжай бойынша алуға болады:

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 39/41 (Масанчи көшесінің қиылысы), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті.

Байланыс телефоны: +7 (272) 292-57-17 ішкі (17-34),

+7 (272) 292-35-00.