ТДМ 6. Таза су және санитария

Таза су мен санитария

03.05.2023

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2030 жылға дейін ауыз суға деген қауіпсіз әрі қымбат емес жалпыға ортақ және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында өз үлесін қосуда. 2030 жылға дейін барлық салалардағы су пайдалану тиімділігін едәуір арттыру. Факультеттің жатақханасында су жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін тұщы суды тұрақты алу және тапсыруды қамтамасыз етуді қолға алған. Мәселен, №14 студенттер үйіне таза су алатын арнайы құрылғылар қойылған.

Ары қарай оқу >>

Суды үнемдеу жолдары

02.05.2023

«Суды үнемдеу жолдары» атты тәрбие жұмысы 

Мақсаты: Тыңдаушыларға су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс екендігін түсіндіру. Сусыз өмірімізді елестетудің өзі қорқынышты. Су - тіршілік көзі. Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Су табиғаттағы ең көп тараған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Мамандардың есебіне сүйенсек, бір адам тәулігіне 500 литрге дейін су жұмсайды екен.

       Күнделікті өмірде суды үнемдеу үшін төмендегідей ережелерді сақтауымыз керек: 
- қажетсіз суды босқа ағызбау;
- кранды үнеме жауып жүру.

Ары қарай оқу >>