ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат

"Салауатты өмір сүру салты - бақыттың бастауы"

03.05.2023

"Дені саудың - жаны сау" атты ұранмен 3-топта "Салауатты өмір сүру салты - бақыттың бастауы" атты  әлеуметтік тәрбие шарасы өтті. Шараның мақсаты - жастарға салауатты өмір сүру салтын насихаттау. Салауатты өмір сүру салты дұрыс тамақтану мен тазалықтан, спортпен шұғылданудан басталатыны талқыланды. Зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттілігі айтылды. Әрбір адам өз денсаулығына көңіл бөліп, оны сақтауы, нығайтуы тиіс екендігіне тоқталып, денсаулықтың қадірін біліп, бағалау керектігін айтылды. Шара барысында денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздердің сайысы ұйымдастырылды.  Жастар бақытты өмір сүрудің негізгі жолы - салауатты өмір сүру салтын ұстану деп ойларын тұжырымдады. Тәрбие сағаты тәлімдік мәні зор ұлағатты шара болды.

Ары қарай оқу >>

Денсаулық пен амандық

03.05.2023

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығының амандығына жәрдемдесу 2030 жылға дейін ЖИТС, туберкулез, безгек індеттерін және тиісті назар аударылмайтын тропикалық ауруларды жою және сары аурумен, су арқылы жұғатын және басқа да жұқпалы аурулармен күресті қамтамасыз ету.

 2030 жылға дейін ЖИТС, туберкулез, безгек індеттерін және тиісті назар аударылмайтын тропикалық ауруларды жою және сары аурумен, су арқылы жұғатын және басқа да жұқпалы аурулармен күресті қамтамасыз етуді де университет жолға қойған. Сонымен қатар оның алдын алу мақсатында оқуға келген әрбір шетелдік студент университеттің ресми клиникасынан тексеруден өтеді. Барлық құрылғылар заманауи талапқа сай жасалған. Туберкулез ауруларын тексеру және нәтижесін шығару 15 минутты құрайды. Университетте оқитын барлық студенттер жыл сайын дәрігерлік тексеруден өтуге толық жағдай жасалған.

Ары қарай оқу >>

Салауатты өмір салты және әл-ауқат

03.05.2023

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА шетелден келген тыңдаушыларға «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» тақырыбында іс-шара өтілді. Бұл шарада негізгі қарастырылған мәселелер дұрыс тамақтану,спортпен шұғылдану, денсаулыққа зиян келтіретін жаман әдеттерден аулақ болу және т.б.

     Салауатты өмір салты-бұл нақты қоршаған ортада (табиғи, техногендік және әлеуметтік) физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатты және белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз ететін адамның мінез-құлқының жеке жүйесі.

       Салауатты өмір салты физиологиялық және психикалық процестердің қалыпты жүруіне жақсы жағдай жасайды, бұл әртүрлі аурулардың ықтималдығын азайтады және адамның өмір сүру ұзақтығын арттырады.

Ары қарай оқу >>

Күзгі спартакиада

19.11.2022

Еліміздің тұрақты даму  - жақсы денсаулық пен әл-ауқат мақсатымен 2022 жылдың қараша айының 18-25 жұлдызы аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері арасында күзгі спартакиада аясында күрес бойынша чемпионаттар өтті. Осы чемпионатқа Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының 1-топ тыңдаушысы Жандос Бердимурат қатысты.

Ары қарай оқу >>