Студенттік өмір
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында қазақстандық жоғары оқу орнына түсу үшін Болон үдерісі бойынша оқитын шетел азаматтары және ҰБТ сынағына дайындалуға келген шетелдік қазақ жастарымен қатар отандық жастар да ақылы бөлімде де білім алады. Кафедраның ұстаздар ұжымы дайындық курсының тыңдаушы жастарына сапалы біліммен саналы тәрбие беру жұмыстарын ұштастыра жүргізеді. Бізде білім алу үдерісі 9 айдың ауқымында, қысқа ғана мерзімде болса да, тыңдаушылардың уақыты қызықты өтеді: олар кафедра, факультет, университет деңгейінде өтетін әртүрлі іс-шараларға белсене қатысады. республикалық, халықаралық деңгейде ұйымдастырылған спорттық, пәндік олимпиадаларға, өнер және шығармашылық байқауларға сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып жатады.
Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі саяси-қоғамдық тынысына, мәдениетіне, салт-дәстүріне бейімдеу және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, оларды құрметтеуге баулу мақсатына арналған әлеуметтік-тәрбиелік маңызы зор іс-шаралармен қатар тыңдаушыларды ғылым-білім жолына жетелейтін ғылыми семинарлар, вевинарлар, жас ғалымдар конференциясы ұйымдастырылады.
Олардың жаңа таныстығы, жаңа достармен кездесуі, білім қуған ізденіс пен романтикаға толы қызықты да жарқын студенттік өмірлерінің алғашқы қадамы осылайша біздің кафедраның қыз-қыз қайнаған өнегелі тәлімінен басталады.
| |
Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясы Қазақ тілі секциясы Даутхан Саяхат |
| |
Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясы Тарих секциясы Мейрам Айжан |
| |
Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясы Тарих секциясы Қазақ Мина |
| |
Студенттер мен жас ғалымдардың "Фараби әлемі" атты халықаралық ғылыми конференциясы Тарих секциясы Чамани Пардиз |
| |






