Қытайтану кафедрасының студенттері "Қазақстан Республикасының үздік студенті " атанды

28.04.2024

Көрулер: 483

Қытайтану кафедрасының 2 курс студенттері Абдрахманова Шұғыла мен Расулова Саёра  “Қазақстан Республикасының үздік студенті” атты республикалық байқауда топ жарып, жеңіске жетіп, 1 дәрежелі Дипломмен  марапатталды. Бұл байқау университетте көшбасшылық қасиетімен көзге түсіп, университет өміріне белсенді қатысып, білімде, өнерде, ғылыми жобаларда және тағы да басқа бағыттарда жетістіктері бар үздік студенттер арасында өткізілді.