Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Пекин қаласында өткен Қытай халықаралық білім көрмесіне қатысты

16.04.2024

Көрулер: 60

2024 жылдың 13 сәуір күні ҚазҰУ қызметкерлері  Пекин қаласында өткен Қытай халықаралық білім көрмесіне (СIEET2024) Бейжің РHIHUA халықаралық білім беру технологиялық орталығының арнайы шақыруымен қатысты. 

Көрмеде  әлемнің 181-ге жуық  ЖОО мен білім беруді қолдау орталықтары таныстырылды.  

Қытай Халық Республикасы Білім Министрлігі Ғылыми Қызмет алмасу орталығы өкілдері  ҚазҰУ оқытушылары көрмеге қатысқаны үшін алғысын білдірді. 

Бұл көрме Қазақстан мен Қытай елінің білім мен ғылымның дамуына ықпал ететін білім беру ынтымақтастығын кеңейтуді жалғастыруға мүмкіндік береді.